Денсаулық

Елімізде тұмау қашан өршитіні белгілі болды

  • Елімізде тұмау қашан өршитіні белгілі болды

    Елімізде тұмау қашан өршитіні белгілі болды

Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин биылғы жылы тұмаудың қай уақытта өршитінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.


Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде өңірлердің алдағы тұмау мен ЖРВИ-дің (жіті респираторлық вирустық инфекциясы) эпидемиялық маусымына дайындығы талқыланды.


«Тұмауға көптеген адам мән бермейді. Бірақ, түрлі асқынулар, отит, пневмония, жүрек, бүйрек және тағы басқа аурулар тұмаудың және жіті респираторлық вирустық инфекциялардың нәтижесі екенін естеріңізге салғым келеді. 2009-2010 жылдары тұмаудың H1N1 түрі шығып, өліммен аяқталған жағдайлар көп тіркелді. Сол жылдары ел бойынша 20-дан астам жағдай өлім-жітіммен аяқталды. Былтыр тұмаудан 1 науқас қайтыс болды. Сондықтан, бізді алаңдатыны – тұмаудың жаңа түрлерінің шығуы. Сол үшін бақылауды күшейтіп отырмыз. Яғни, тұмаудың жаңа түрлерін мезгілінде анықтап, алдын алуымыз керек. Біз жаңадан шығып жатқан тұмау түрлерінен қауіп күтеміз. Неге десеңіз. Мичиган сияқты жылда тіркелетін тұмаудың түрлеріне қоғамдық иммунитет қалыптасқан. Ал жаңадан шығып жатқан тұмаудың түрлеріне халықта иммунитет жоқ. Сондықтан, бұл мәселені біз бақылауда ұстап отырмыз», - деді Бекшин.


Оның айтуынша, комитет өз тарапынан вакцина сатып алуға конкурсты уақытында өткізген. Бірақ, биыл Қостанай, Түркістан облыстары, Астана мен Шымкент қалалары вакцинаны жеткіліксіз мөлшерде сатып алған. Дегенмен, елорда бұл проблеманы шешіп, қосымша 50 мың доза вакцина алды.


«Біз басқа аймақтарға да қосымша вакцина сатып алуға кеңес береміз. Негізі, Қазақстанға әкелінген 1 млн 628 мың дозаның барлығы өңірлерге жеткізілді. Былтыр ел бойынша 2 млн астам адамға екпе жасалған болатын. Бізде тұмаудың өршу мерзімі жылда өзгеріп отырады. Биылғы болжам бойынша ол қаңтар айының ортасында болады. Неге десеңіз. Сол кезде көптеген оқушы, студенттер каникулдан келіп, ұйымдарына жиналады. Олар демалыста барлық аймақтарда, тіпті шетелде болып келеді. Осы кезде тұмау күрт көбейеді. Ал жалпы, тұмау жағдайлары қазан, қараша, желтоқсан айларында тіркеле бастайды», - деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін біз тұмауға қарсы екпенің қанша тұратынын хабарлаған болатынбыз.


 


 




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.09.2018, 15:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31