Денсаулық

Ерте қартайып кеткенін айтып егілген 6 жасар бала көпшілікті жылатты (видео)

  • © instagram.com

    © instagram.com

Астанада тұратын Әлібеков Ернар Ермаханұлы солғын тері синдромына шалдыққан. Ерте қартайып кеткен балақайдың жылап отырған видеосы көпшіліктің көңілін босатты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.


2012 жылдың 21 мамырында дүниеге келген Ернар иммун тапшылығынан да зардап шегуде. Баланың ата-анасы оның емі үшін желіде көптен көмек сұрап отыр.


Әлеуметтік желіде janym_baklajanym лақап атымен танымал блогер Айдын Тоқсанбаева балақайдың емі үшін қайырымдылық шарасын бастаған.


"Алланың берген ерекше жандарын қолдайтынымызды, қорғайтынымызды сезіндірейік. Қолымыздан келеді. Ертең Ернар ( @pomosh_ernarchiku ) балақаймен кездесу ұйымдастырамыз! Кіру 1000 теңге. Кішкентай алты жасар балаға қолыңыздан келсе, сыйлық ала келсеңіз.


Мекенжай: Алматы қаласы, 27.07.18 сағат 18.00-де Розыбакиев көшесі 49-да орналасқан (Абай мен Сатпаев көшелерінің ортасында) "Аспандияр" асxанасында күтеміз", - деп жазған ол.


"Алла шипасын берсін", "Көзімнің жасы тоқтар емес. Өз баламдай қиналып тұрмын, жаным, болашағың жарқын болсыншы", - деп жазған пікір қалдырушылар.


Желі қолданушылары балақайдың еміне көмек болар деген үмітпен отандық жұлдыздардың есімін видео астына жарыса белгілеп жатыр.



Қайырымдылық шарасына келе алмайтын жандарға ақпарат:


Kaspi Gold 5169493152786128


ИИН 900504499132


Зебинса Савитовна (Ернардын анасы)


Halyk bank: 5354510099638818


Тулебергенов Ермахан Алибекович (әкесі) 




Көрілген: 2966    Пікірлер: 0

жұма, 27.07.2018, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31