Денсаулық

Ғалымдар адам бойының өмірге қауіпті аурумен қандай байланысы барын айтты

  • Ғалымдар адам бойының өмірге қауіпті аурумен қандай байланысы барын айтты

    Ғалымдар адам бойының өмірге қауіпті аурумен қандай байланысы барын айтты

Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, адам бойының өмірге қауіпті аурумен қандай байланысы барын анықтады.


Бала кезінде бойы кішкентай болған адамның ересек кезінде инсультқа шалдығу қаупі зор. Копенгаген университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келген, деп жазады РИА Новости Science daily басылымына сілтеме жасап.


Генетиктер 1930-1989 жылдар арасында туған 300 мың адамның 7-13 жас бала кезіндегі денсаулығына қатысты деректерді зерттеген. Зерттеу кезінде анықталғандай, орташа көрсеткіштен 5-7 сантиметрге бойы кішкентай болған адамдар есейген кезде 11 пайызға ишемиялық инсультпен жиірек ауырған.


Ғалымдардың айтуынша, адамның бойына генетика, сондай-ақ ана мен баланың тамақтануы, инфекциялар мен стресс секілді факторлар әсер етеді. Осы факторлардың кейбіреуінің инсульттің пайда болу қаупіне ықпалы бар, деп есептейді зерттеушілер.


"Біздің зерттеу көрсеткендей, баланың аласа бойы инсульттің жоғары қаупінің маркері болуы мүмкін, сондықтан бұл балалар алдағы өмірінде инсульттің пайда болуына әсер ететін факторларға қосымша көңіл аударуы қажет", — дейді зерттеу авторларының бірі доктор Дженнифер Бейкер.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 772    Пікірлер: 0

жұма, 16.02.2018, 22:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31