Денсаулық

Ғалымдар адам денесінен тағы бір ми тапты

  • © jizn.com.ua

    © jizn.com.ua

Адам ағзасында ішектерде орналасқан "екінші ми" бар, австралиялық ғалымдар оның қалай жұмыс істейтінін анықтады, деп жазады РИА Новости.


Энтеральды (ішек – автор ескер.) жүйке жүйесі (ЭЖЖ) ішек-қарын жолының жұмысын реттейтін миллиондаған нейроннан тұрады. Бұл жүйе ми мен жұлыннан тұратын орталық жүйеке жүйесінен бөлек жұмыс істейді.


"Бұл шынымен де өз алдына бөлек бір ми", — деген Флиндерс университетінің профессоры Ник Спенсер ЭЖЖ-ны "алғашқы ми" деп атауға болатынын, себебі бұл жүйе эволюция барысында орталық жүйке жүйесінен бұрын пайда болғанын атап өтті.


Ғалымдар тышқандардың тоқ ішектерінің нейрондарындағы электрлік импульске сараптама жасады. Белгілі болғандай, энтеральды жүйке жүйесі ішектегі бұлшықеттің жиырылуына себепші болатын қоздырғыш және кедергі келтіретін нейрондарды қозғалысқа келтірді.


Зерттеу авторларының айтуынша, бұған дейін ғылым ЭЖЖ-ның миллиондаған жасушасы электр импульстарын бір мезетте түрлендіріп отыратынынан бейхабар болды.


Sputnik


 


 




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

сенбі, 02.06.2018, 22:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31