Денсаулық

Ғалымдар ас содасының қатерлі ісіктен қалай құтқаратынын айтты

  • © Sputnik / Евгений Биятов

    © Sputnik / Евгений Биятов

Ас содасы химиотерапияның тиімділігін арттырып, қатерлі ісіктен құтқаруы мүмкін. Соданың пайдасын ракты зерттеу жөніндегі Людвиг институтының ғалымдары анықтаған, деп жазады РИА Новости.


Мамандардың айтуынша, суда ерітілген соданы ішкен кезде, рак клеткалары химиялық емді белсенді қабылдай бастайды.


Ісік ұлғайған кезде рак клеткаларының дені қантамырлар жүйесінен бөлініп, химиопрепараттардан "сақтанады". Оларға оттегі де бармайды, сол себепті олардың қышқылдығы артады. Ал мұны ас содасының көмегімен бейтараптандыруға болады, деген сенімде ғалымдар.


Зерттеу барысында мамандар қышқылдығы жоғары, белсенділігі төмен ісік жарасын тышқандардың ағзасына орналастырған. Суға ас содасын қосып, кеміргіштерге ішкізе бастаған. Нәтижесінде қышқылдық қалыпқа келіп, ауру клеткалардың белсенділігі артқан. Осылайша, зерттеушілердің пікірінше, ісік химиялық емді жақсы қабылдайды.


"Идея сондай қарапайым. Бұл жылына жүз мың долларға сатып алатын дәрі емес. Бар болғаны кәдімгі ас содасы", — дейді зерттеу авторы Чи Ван Дан.


 


Sputnik 




Көрілген: 1437    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.06.2018, 09:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31