Денсаулық

Ғалымдар ерлерді белсіз етуі мүмкін дәрілерді атады

  • © Fotolia / viperfzk

    © Fotolia / viperfzk

Ғалымдар ерлерді белсіз етуі мүмкін дәрілерді атады, деп хабарлады РИА Новости агенттігі Reproduction журналына сілтеме жасап.


Басылымның хабарлауынша, аллергияның пайда болуымен күресетін гистаминге қарсы препараттар ерлердің жыныс мүшелерінің ұрықтану қабілетін төмендетуі мүмкін.


"Бұл тұжырымды Буэнос-Айрестегі Биология және эксперименттік медицина институтының ғалымдары жасап отыр. Биологтар зерттеу кезінде соңғы 40 жылда жасалған ғылыми жұмыстарды сараптады, бұл жұмыстар аталған препараттардың түрлі жануарлардың денсаулығына әсерін зерттеумен байланысты", - делінген жарияланымда.


Ғалымдардың айтуына қарағанда, ұзақ уақыт бойы гистаминнің белсенділігін шектеу тестостеронның бөлінуіне кері әсер етеді.


Бұл жағдай сперматозоидтар формасының өзгерісіне ұшыратады, яғни, олардың белсендігі төмендеп, мөлшері азаяды.


Енді ғалымдар гистаминге қарсы дәрілер мен жыныс мүшелерінің ұрықтану қабілетінің байланысын адамдар арасында жаппай зерттеу керегін айтып отыр.


Сонымен қатар, мамандар бұл дәрілерді шамадан тыс қабылдамауға кеңес береді.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 1328    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.03.2018, 13:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31