Денсаулық

Ғалымдар есте сақтау қабілетін жақсартудың жаңа əдісін ойлап тапты

  • Ғалымдар есте сақтау қабілетін жақсартудың жаңа əдісін ойлап тапты

    Ғалымдар есте сақтау қабілетін жақсартудың жаңа əдісін ойлап тапты

Британ ғалымдары ұйықтап жатқан кезде транскраниалды электрлік үдеткішті қосу адамның есте сақтау қабілетін жақсартуы мүмкін екенін болжауда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Ұлыбританиядағы Йорк университетінің ғалымдары адамның жаңа ақпаратты есте сақтауға ұйқының қалай əсер ететінін зерттеп көрді. Зерттеу жұмысының қорытындысы Current Biology журналында жарияланды.


Ғалымдар есте сақтау қабілетін дамытудың ұйықтаумен қаншалықты байланысы бар екенін электрлі энцефалограмманың көмегімен анықтап көрді. Олар адам ұйықтап жатқан кезде транскраниалды электрлік үдеткішті қосып қойған жағдайда есте сақтау қабілеті жақсарады деп санайды.


Еріктілердің қатысуымен жасалған зерттеу жұмысы ғалымдардың пікірі дұрыс екенін дəлелдеді. Зерттеу жұмысына қатысушыларға сын есім мен соған байланысты сөздер айтылған. Одан кейін олар ұйықтап жатқан кезде сын есімді қайталап айтқан. Адамдарға қойылған арнайы құрылғы сын есім айтылғанда олардың ойларына сол сын есімге қатысты сөздер түскенін көрсетті. Бұл ұйықтап жатқан кезде қолданылатын құрылғы есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектесетінін дəлелдейді.


Ғалымдардың бұл жаңалығы оқу барысында есте сақтау қабілетіне байланысты қиындыққа тап болған адамдарға көмектеседі.




Көрілген: 1082    Пікірлер: 0

сенбі, 10.03.2018, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31