Денсаулық

Германиядағы қазақ миға 4 мыңнан астам күрделі ота жасаған

  • Германиядағы қазақ миға 4 мыңнан астам күрделі ота жасаған

    Германиядағы қазақ миға 4 мыңнан астам күрделі ота жасаған

 Жәдік Шенол Еуропа елінде өмір сүрсе де қазақтың салт-дәстүрін сақтап, ана тілінде сөйлейді


АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Саналы ғұмырының 20 жылын медицинаға арнап, ми, жұлын, жүйке жүйесіне күрделі операцияларды жасап жүрген Еуропадағы қазақ жігітінің есімі әлемге танылып келеді. Нейрохирург Жәдік Шенол Германияда туып, тарихи отанына тек бір рет келген. Десе де ол қазақ тілінде еркін сөйлейді, сонымен қатар, әлемнің жеті тілін жетік меңгерген, деп жазды Kazakh-tv.kz.


Жәдік Германияда медициналық білім алып, дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі клиникаларда тәжірибе алмасқан, танымын кеңейту жолында тынымсыз еңбек етіп жүр. Қазір ол Киль университеті ауруханасының нейрохирургі, Еуропа, Азия, АҚШ елдерінде халықаралық конференцияларға қатысады, студенттерге дәріс оқиды.




"Қазір нейрохирургия саласындағы тәжірибем 20 жылға жуықтады. Қазірге дейін 4 мыңнан астам науқасқа нефрохирургиялық ота жасадым. Оның ішінде мидың ісіктерін, мидың тамырындағы ауруларды емдедім, миына қан құйылған, су жиналған адамдар да бар. Жұлындағы қатерлі іскке ота жасадым", — дейді медицина ғылымдарының докторы Жәдік Шенол.

Дәрігердің тарихи отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметі ерекше. Ол сәті келсе елден келген қазақ балаларына операцияны тегін жасайды.


"Өзіңіз де білесіз, медицина күн сайын дамып жатыр, күн сайын күрделене түсуде. Соған аз да болса, өз үлесімізді қоссақ дейміз. Одан ары жақсартып, адам баласына пайдамызды тигізгіміз келеді. Науқастардың бізге жаны қиналып келеді. Олар операциядан кейін риза болып кетеді. Жастарымызға айтарым, қашан да еңбек етіп, өз тілін білсін, жалқау болмасын", — деп толықтырды дәрігер.


Жәдік Шенол Еуропа елінде өмір сүрсе де қазақтың салт-дәстүрін сақтап, ана тілінде сөйлейді. Оның төрт баласы қазақ жерін мүлдем көрмеген. Жат жерде өсіп-өнсе де, қазақша еркін сөйлеп ана тілді ұлықтап жүреді.


 


sputniknews.kz




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 08:48

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30