Денсаулық

Халық тегiн көрсетiлетiн медициналық қызметтерге ақы төлеп отыр – вице-министр

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

Халық тегiн көрсетiлуi тиiс медициналық қызметтерге ақы төлеп келедi. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрi Ләззат Ақтаева «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында өткен жиында айтты, деп хабарлайды   Baq.kz тiлшiсi.


Ләззат Ақтаеваның айтуынша, алдағы уақытта халық арасында медициналық қызметтерге деген сұраныс артады.


«Қазiргi таңда өмiр сүру ұзақтығы 72,4 жасты құрайды. Бұл көрсеткiш одан әрi артады деп болжанып отыр. Сондай-ақ, медициналық қызметтi жиi тұтынатындар саны көбейедi. Яғни, 2025 жылға қарай медициналық қызметтi жиi тұтынатын балалар саны 23 пайызға, ал қарттар саны 41 пайызға артады. Халықты мүгедектiк пен өлiмге әкелетiн негiзгi себептер - асқынған жұқпалы емес аурулар, олардың қатарында жүрек-қан тамыр жүйесi аурулары, онкологиялық аурулар, тыныс алу органдарының аурулары, диабет және тағы басқа бар», - дедi Ақтаева.


Вице-министрдiң айтуынша, Қазақстан экономикасында денсаулық сақтау шығындарының үлесi IЖӨ-нiң 3,7 пайызын құрады. Бұл Қазақстанмен даму деңгейi бiрдей мемлекеттерден бiршама төмен. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Денсаулық сақтау саласына жұмсалған жеке шығындар үлесi 41 пайызды құрады. Бұл Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған шектi көрсеткiш - 20 пайыздан екi есе артық.


«Сонымен қатар, жеке шығындардың 30 пайыздан астамы ақылы медициналық қызмет алуға бағытталады. Ал бұл ақылы медициналық қызметтер болса, тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi аясында ақысыз көрсетiлуi тиiс. Яғни, халық, әсiресе әлеуметтiк осал топтар денсаулық сақтау саласындағы қаржылай тәуекелдерден қорғалмаған», - дедi Ләззат Ақтаева.




 




Көрілген: 679    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.05.2018, 12:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31