Денсаулық

Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар

  • Фото: Dean Lerman/ Nikon Small World 2017

    Фото: Dean Lerman/ Nikon Small World 2017

Емделмейтін грибок түрі жақын уақытта эпидемияға ұласып, оның арты өсімдік, жануар және адамдардың көптеп өлуіне апарып соғуы ықтимал. Лондон Империялық колледжі мен Эксетер университеті ғалымдары бірлескен зерттеу нәтижесінде осындай қорытындыға келген. Бұл туралы РИА Новости агенттігі Science ғылыми журналына сілтеме жасап жазады.


Ғалымдардың пайымы бойынша, грибок жақында антибиотиктерге бой бермейтін «супербактерияларға» айналып, грибокқа қарсы дәрілер оларға ешқандай әсер етпеуі мүмкін. Мамандар мұндай дәрілерді қазір медицинада және ауыл шаруашылығында көбіне шектен тыс пайдаланып жүргенін айтады. Мәселен, грибок стоматиті, табан эпидермофитиясы, дерматофибия және онихомикоз сияқты ауруларды емдеу үшін грибокқа қарсы препараттар жүйелі түрде қолданылады.


Алайда, мұндай дәрілер тек әлсіз грибоктарды жояды, ал күштілері тірі қалып одан әрі күшейеді және грибокқа қарсы дәрілер әсер етпейтіндей болып бейімделіп алады.


Ғалымдар бұл қауіп қазір жете бағаланбай отырғанын ескертеді. Және оған қарсы тұратын препараттар жасауға кірісуге шақырады.


Мамандардың есебі бойынша, грибок инфекцияларынан адамдар сүт безі рагі және маляриямен салыстырғанда көп өледі, сонымен қатар оның салдарынан болатын өлім саны туберкулез және СПИД-тікімен бірдей.


baq.kz

 




Көрілген: 541    Пікірлер: 0

жұма, 18.05.2018, 11:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30