Жалаңбас жүру өзіңе жау болумен бірдей

Жалаңбас жүру өзіңе жау болумен бірдей

Бұл жөнінде әсіресе жастардың біле жүргені абзал. Өйткені күн суықта жалаңбас жүретіндердің көбі – жастар. «Прическам» бұзылады дейді, жиі жуып, фенмен кептіріп алып жүре береді. Ал бас суықтауы деген оңай дерт емес.

Бас суықтағанда бірінші кезекте қарақұстан шекеге дейін жатқан бас сүйек-ми жүйкелері ауырып белгі береді. Сондай-ақ құлақ түбіндегі үштік жүйкелер ауырады. Мұндайда артерия­лық қан қысымы артады, бас айналады, дене қызуы көтеріледі немесе адам тоңады, бас ауырып, құлақ шуылдайды. Осы белгілердің біреуі білінсе де уақыт оздырмай дәрігерге тексерілген абзал. Өйткені дер кезінде анықтап, емделмесе, бас суықтауының соңы гипертониялық, гипотониялық дертке, түрлі қабынуларға себеп болады. Баспен қоса көз, құлақ, тіс ауырады, мұрынның екі бетіндегі гаймор қуыстары зақымданады.

Суықтаған бас ауырып, мазаласа үй жағдайында ащы шай, аспирин ішкен көмектеседі. Түймедақ, жалбыздан жылы ванна жасауға, хош иісті эфир майларынан ароматты лампамен жылытуға болады. Ұйқыға жатарда жылы бас киім киген де дұрыс. Таң­ертең, күндіз қытай серменесінен (китайский лимонник) тұнба жасап, бір шай қасығын ішсе де мұндай кездегі бас ауыруын басады.

Негізі бас ауыруы инфекция түсуі себепті туындаған ми абсцесінен болуы да ықтимал. Оған тіс ауруы, өкпе қабынуы, құлақ-мұрын-тамақ қабынуы, бас жарақаты себеп болады. 12 сағаттан артық ауырса, ол аса қауіпті.

Сондай-ақ бас вегетативтік тамыр дисфункциясынан да ауырады. Оған ішкі ағза мүшелерінің дерті себеп. Белгілері мынадай: жүрек қағады, адамның өңі қуарады, ол терлегіш болады, қан қысымы артады немесе кемиді, тәбеті жоғалады, ықылық атып, жүрегі айниды, демігеді. Бұл көбіне жүйкесі әлсіз, мінез-құлқы тұрақсыз адамдарға тән. Мойын остеохондрозы кезінде де бас ауырады. Ол көбіне мойын, қарақұс аумағынан сезіледі. Бас сақинасы кезінде де адамның үнемі мазасы кетеді.

Осылардың бәрін бас суықтауынан болатын бас ауыруынан ажырата білген абзал. Ең бастысы, басыңызды суықтаудан қорғаңыз.

Н. ЖҮНІС

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста