Денсаулық

Жүктілікке қарсы қытай дәрілерін ішкен қыздар ауруханаға түсіп жатыр

  • caravan.kz

    caravan.kz

Жүктілікті болдырмайтын қытайлық дәрілердің кесірінен қазақстандық қыз-келіншектер зардап шегіп, ауруханаға түсіп жатыр. Түсік жасатуға арналған препараттарға тыйым болмағандықтан, нәзік жандар ешкімнің рұқсатынсыз қабылдап, ағзасын улауда.


Қауіпті тауарды кеденнен биологиялық белсенді заттар ретінде өткізіп, елімізде заңсыз сауданың көрігін қыздырғандар заңмен де қудаланбайды. Аспанасты елінен әкелінген дәрі-дәрмек көбіне Алматыға жеткізіледі екен. Ал Астанадағы ахуал қандай? Бұл туралы stan.kz Евразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.


«Үйленемін» деп құрғақ уәдені үйіп-төгіп, дегеніне жеткен соң тайқып шығатын ер адамдар көбейген бұл күнде. Астаналық мына бойжеткен сондай жауапкершіліктен жұрдай жігіттердің біріне алданған. Некелеспей жатып от басып, тығырыққа тірлеген ол соның күштеуімен құрсағына біткен баладан қытай дәрісін ішіп әп-сәтте құтылыпты.


«Ойламаған жерден аяғым ауыр болып қалды. Жігітім аборт жаса деп айтты. Бірақ келіскім келген жоқ. Қайдан алғанын білмеймін бірақ белгісіз бір қытайдың дәрісін алып келді. Сол дәрілерді енді амал жоқ қабылдадым» – дейді қала тұрғыны.


Жатырдағы бейкүнә шарананың өмірін бір-ақ сәтте үзетін дәрі дәріханаларда да бар. Алайда, рецептпен ғана босатылады.


– Негізі бар ма?


– Негізі бар. Менде жоқ.


– Сізде жоқ. Аптекада бар. Қандай атаулары?


-Мифепристон,мизопростол.


Құрсағындағы шақалақ тұрмақ, өзін де аямайтын бұрымдылар арасында түсік жасайтын препараттарға сұраныс жоғары. Бірақ, оны дәріханадан ала алмағандар базарларды торуылдап табады.


Сатушының сөзінше, бағасы 7 мың теңге тұратын бұл дәрілер 2 айдан асқан жүктілікті жояды. Оны сатып алушылар да аз емес екен. Ал, кейде қытай препараты газеттегі жарнамалар, көшедегі хабарландырулар, тіпті емші-бақсылардан да табылатын көрінеді.


«Қолдан жазған негізі хабарландыруға объявление арқылы, газетке шығарады неше түрлі. Оған сенуге болмайды. Әрбір дәрі қандай болмаса да оның зияны болуы мүмкін. Жаңағы тем более заңсыз әкелінген дәрілерді. Енді ол көбінесе Қытайдан әкелінген дәрілер болады. Бірақ бізде тіркелмегеннен кейін оны сатуға негізі заң бойынша болмайды» – дейді «Аман-саулық» қоғамдық қорының төрайымы Бақыт Түменова.


Қытай дәрісінің бізге қалай жеткізіліп жатқаны белгісіз. Алайда, мамандар олардың кеденнен контрабандалық жолмен жасырын өткізілетінін айтады. Статистикаға жүгінсек, былтыр елімізде 30 мың түсік тіркелген. Оның 5%-ын ғана дәрігерлер белгілі себептерге байланысты алдырып тастауға кеңес берген. Ал, көшедегі белгісіз біреудің қолынан алынған препаратпен түсік жасау аса қауіпті. Себебі, оның құрамында кеміргіштерге арналған улы қоспалар бар әрі олардың дозасы жоғары дейді мамандар.


«Ол біздің дәріханаларда, мынау барлық бар. Ол да шынымен Қытайдың дәрісі Қытайда жасалады. Бірақ та оның дозасы және схемасы мына клиникалық протоколда толық жазылған. Егер сол доза бойынша дәрігердің ұсынысымен,дәрігердің тек бақылауында ондай медициналық түсік жасалса бұл негізінен ең тиімді безопасный дейміз жүктілікті үзу тәсілі болып табылады» – қалалық денсаулық сақтау басқармасының жанұяны жоспарлау бойынша маманы Жанерке Ажатова.


Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, дүниежүзінде түсіктен көз жұмғандар 14 %-ды құрайды. Оның көбісі 20-ға толмаған бойжеткендер. Ал, түсік салдары жатыр жарақатына шалдықтырады. Еліміздегі бұндай науқастардың саны бүгінде 12500-ге жеткен. Қауіпті қытай дәрісін кеденнен кедергісіз өткізіп, талайдың тағдырына аяусыз балта шабатындар жазасыз қала ма?


«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 319-бабында көрсетілген демек заңсыз түсік жасату. Оның ішінде білімі бар бар дәрігерлер заңсыз жерлерде сондай қылмыс жасау. Я болмаса білімі жоқтығына қарамастан түсік жасату амалдарымен айналысу. Одан басқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 305-бабында көрсетілген құрамдары бар.Демек, сатылымда жүрген тауарлардың ағзаға немесе денсаулыққа кері әсері бар екендігі туралы ақпаратты бермеу» – заңгер Елнұр Токушев.


Заңгердің пікірінше, түсік жасайтын препараттарды бизнеске айналдырғандар қатаң жазалануы қажет. Тек көлемді айыппұл төлеп құтылмай, темір торға тоғытылуы тиіс. Ал, өз перзентінен тумай жатып жоқ қылатындардың заңсыз әрекеті анықталған жағдайда бас бостандығынан айыру керек.


caravan.kz 




Көрілген: 299    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 14:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30