Денсаулық

Қаскелеңде менингиттен көз жұмған қыздың әріптестері шындықты айтты

  • © Today.kz.

    © Today.kz.

Айжанның әріптестері Қаскелең инфекциялық ауруханасының дәрігерлеріне келген бойда өздерін де тексеруді өтінгенін айтады.


Менингиттен қайтыс болған 19 жастағы Айжан Наурызбаева жұмыс істеген фирма қызметкерлері тексерістен өтеді. Бәрі де қызбен қарым-қатынас жасаған. Айжанның әріптестері басында оларды Қаскелең инфекциялық ауруханасы қабылдамағанын айтты, деп хабарлайды Today.kz.


Almaty_news Instagram-аккаунтында Айжан Наурызбаеваның әріптесі жазба жариялап, қыздың қайтыс болғанын ауруханаға кетіп бара жатқан жолда естігенін айтты.


Айжанның әріптестері Қаскелең инфекциялық ауруханасының дәрігерлеріне келген бойда өздерін де тексеруді өтінгенін айтады.


"Қабылдау бөлімінде дәрігер отырды, біз оған мән-жайды түсіндірдік. Әйел дөрекі түрде көмектесе алмайтынын, мекенжай бойынша бекітілген ауруханаға хабарласуымыз керектігін айтты. Біз түсінбей қазір бірнеше сағаттың ішінде тағы біреуіміз қайтыс болуымыз мүмкін ғой деп ойладық", – делінген постта.


Наурызбаева жұмыс істеген компанияның басшылығы ұжымдағы 58 адамға мекенжайы бойынша ауруханаға барып, тексерілуге кеңес берген.


Біз марқұм Айжан Наурызбаеваның әріптесімен байланысқа шықтық. Өзін Назерке деп таныстырған қыз дәрігерлермен "келісіп", оларды жұмысқа келіп, анализ алуға көндірген.


"Бізден нақты қандай анализ алатындарын білмейміз. Дәрігерлерді бізге келуге әрең көндірдік. Әр қызметкерге өзіміздің науқаспен қарым-қатынас жасағанымызды бес рет түсіндірдік. Айжан қайтыс болған соң үш күн өткенде олар бізді тексеретін болды. Қазір бір әріптес қызымыздың қызуы көтеріліп, әлсіреп жатыр", – деді Назерке.


Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова да оқиғаны түсіндірді. Ол Қаскелең инфекциялық ауруханасымен байланысқа шығып, былай деді: "Ауруханадағылар өздеріне жүгінген әр адамға көмектесіп жатқанын айтты".


Ал Қаскелең инфекциялық ауруханасы жағдайды басқаша түсіндірді. Бас дәрігердің орынбасары Мария Қошымова барлық тексеріс тұрғылықты мекенжай бойынша жүретінін жеткізді.


"Біз тәулік бойы жүмыс істейміз, күндізгі стационар деген бізде жоқ. Барлық тексеріс амбулаторлық түрде тұрғылықты мекенжай бойынша жүргізіледі", – деді ол.


Естеріңізге салайық, 2 маусымда Алматы облысы Қаскелең инфекциялық ауруханасында менингиттен 19 жастағы Айжан Наурызбаева қайтыс болды.


ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жыл басталғалы Қазақстанда менингиттен 12 адам қайтыс болғанын растады.


 




Көрілген: 11126    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.06.2018, 18:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31