Денсаулық

Қате диагноз, дөрекі дәрігер: Науқастардың мұңын кім тыңдайды?

  • © SuperDeal

    © SuperDeal

Елімізде денсаулық сақтау саласындағы қызмет сапасы күрт төмендеген. Тиісінше, жекеменшік емханалардағы мамандарға деген сұраныс артып отыр. Сарапшы мамандар бұл қателікке жол беретін ақ халаттылардың көбеюіне әкеп соғады дейді.Мемлекеттік емханалар мен ауруханалардағы қызмет сапасының төмендеуіне не себеп?


Ең басты себеп тәжірибелі дәрігерлердің тапшылығы десем болады. Жан-тәні қиналып тұрған науқастарды әуре-сарсаңға салу, лайықты көмек көрсете алмау мемлекеттік медициналық мекемелерде жиі кездесіп, ақ халаттыларға халықтың көңілі толмай жататыны жасырын емес. Тіпті дәрігерлердің қателігінен ажал құшқандардың да саны азаймай тұр.


Биыл алғашқы үш айда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет ұйымдары қазақстандықтарға 241,9 млрд теңгенің қызметін көрсеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6%-ға аз. Аурухананың қызметі де тұралап тұр. Оның қызметі бір жылда 0,2 пайызға қысқарды. Яғни, денсаулық сақтау мекемелеріндегі қызмет көрсету сапасы 4 пайызға төмендеген. Бұл өз кезегінде жекеменшік клиникалардағы дәрігерлеге деген сұранысты арттырады дейді сарапшылар.


Айтуларынша, бас ауырып, балтыры сыздағандарға дұрыс диагноз қоятын тіс қаққан мамандардың көбі жекеменшік мекемелерде. Оның себебін сарапшылар былай түсіндіреді.


Бақыт Түменова, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті:


-Шынын айту керек, осы 27 жыл ішінде бірнеше реформалар жасалды. Олар бір-біріне сәйкес келмеді. Көңіл қалды. Сенім кетті. Ауруханалар мен емханаларда мамандар жетіспейді. Жақсы-жақсы дәрігерлер жекеменшікке кетіп жатыр.


Оның үстіне медициналық қызмет түрлері 8 пайызға қымбаттады. Мәселен, дәрігердің алғашқы қабылдауы орташа есеппен 2 жарым мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,4% қымбат. Ал, қан құрамының жалпы анализінің орташа бағасы бірден 5,7 пайызға өскен. Яғни бір процедураның орташа бағасы 916 теңге болды.


Сондай-ақ, бүгінде мемлекеттің тегін ұсынып отырған қызметін көрсетпей, амалын тауып жұрттың қалтасын қағатындар да тыйылмай тұр. Мысалы, Қостанай облысында дәрігерлер жол сілтеген ақылы мекеме арасында жең ұшынан жалғасқан байланыс орнаған.


Осылайша, ақылы түрде емделді деген желеумен мекеменің заңсыз 12 миллион теңгеден астам бюджет ақшасын жымқырғаны анықталды. Қазір осыған байланысты қылмыстық іс қозғалған.


Сондықтан, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек деп айтқым келеді. Ең бастысы әр азамат өзіне берілген жеңілдіктерді жақсы білген жөн.


ktk.kz


 




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.06.2018, 09:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31