Денсаулық

Қатерлі ісіктің өз-өзін жойып жіберу процесін іске қосатын механизм табылды

  • Қатерлі ісіктің өз-өзін жойып жіберу процесін іске қосатын механизм табылды

    Қатерлі ісіктің өз-өзін жойып жіберу процесін іске қосатын механизм табылды

Американың Саут-Бенд қаласындағы Нотр-Дам университетінің мамандары жасушалардың некрозына қатысатын ақуыздың RIPK1 ферменті қатерлі ісіктің өсуін тоқтатып, метастазалардың пайда болуына жол бермейтінін анықтады. Ғалымдар бұл қоспаны обырдың ең ауыр түрлерін емдеуде қолданбақ, - деп хабарлайды MedicalXpress.


Зерттеу қорытындысы RIPK1 жасушадағы метаболизмге қуат беретін митохондрияларды азайтатынын көрсетіп отыр. Өз кезегінде бұл ақуыздар, липидтер мен ДНҚ-ны бүлдіретін оттегінің белсенді формалары көбейген уақытта қышқылдандыру стресін дамытады екен.


Мұндай жағдайда жасуша өзін апоптоз процессінде жоя бастайды немесе мұны жасушаның бақылаудағы өлімі деп атайды. Бұл қатерлі ісіктен қорғанудың бір жолы екен.


Бұл жағдай метастазға бөгет болғанымен, қатерлі ісік бұған икемделуі мүмкін. Зерттеушілердің пікірінше, бұл мәселені RIPK1 шешпек.


Некроз дегеніміз жасуша өлімінің патологиялық формасы, мұндай кезде жасуша індет жұқтырып, жылу немесе өзге де физикалық әсер салдарынан жойылады, ал оның ішкі құрылымы жасушааралық кеңістікке құйылады. Апоптоз кезінде жасуша генетикалық бағдарлама бойынша өледі, ал оның қалдықтары тіннен қоздыру тудырмай шығып кетеді.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 765    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.02.2018, 13:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31