Денсаулық

Қатты қиналып жатқан науқасқа көмек бермей, телефонмен сөйлесіп отырған дәрігер жұрттың ашуына тиді (видео)

  • © sn.kz

    © sn.kz

Дәрігер адам мейлі жұмыс орнында, мейлі басқа жерде болсын науқас адамның жағдайына куә болса, оған дереу алғашқы жәрдем беруге міндетті.


Көшеде емес, тура алдына кеп тұрған науқасқа көмек көрсетудің орнына телефонмен сөйлесіп отырған дәрігер жұрттың ашуына тиді. Видео Instagram-парақшасындағы bespredel.kaz тобында жарияланған.


Видео авторы оқиғаның Атырау қаласындағы ауруханалардың бірінде болғанын жазған. Онда ер адамның жанұшырып айқайлап, «ауа керек, мынау аз, жетпейді» деп қиналып жатқаны анық көрінеді. Ал дәрігер болса, бірі көмек көрсетудің орнына телефонмен сөйлесіп әлек.


Желі қолданушылар мұндай жағдайға жиі ұшырасатынын айтады.


«Бұл Қазақстан. Бірінші рет емес, көрген күніміз осы ғой ылғи», «Мына әйел адам өлейін деп жатса, телефонмен «не істейін?» деп сұрап отыр ма?», «Түсіріп тұрған адамның жүйкесі мықты екен. Мен ана отырған дәрігерді ұрып жіберер едім», - деп жазған олар.



sn.kz


 




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.07.2018, 14:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31