Денсаулық

Кәуаптың ешкім күтпеген қаупі анықталды

  • © Sputnik / Анатолий Устиненко

    © Sputnik / Анатолий Устиненко

Оксфорд университетінің ғалымдары шоққа пісірілген тамақты көп жеген адамның жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан уақытынын бұрын өліп кету қаупін арттыратынын анықтады. Бұл туралы EurekAlert! жазады.


Зерттеуге 30-79 жас аралығындағы Қытайдың 341 730 тұрғыны қатысты. Еріктілер арасында жүргізілген сауалнама барысында олар қандай жиілікпен тамақ пісіретінін және қандай отын пайдаланатынын айтты. Ғалымдарды олардың отқа пісірілген тамақты қаншалықты жиі жейтіні қызықтырды. Сауалнама қорытындысы бойынша аптасына кемінде бір рет тамақ дайындайтын және жүрек-қан тамырлары ауруына шалдықпаған адамдар іріктелініп алынды.


Жалпы алғанда, зерттеуге қатысушылардың 22,5 пайызға жуығы соңғы 30 жылда тамақ пісіру үшін қатты отын пайдаланған. 24,6 пайызы 10-29 жыл, ал 53 пайызы 10 жылдан аз уақыт немесе ешқашан отқа тамақ пісірмеген.


Зерттеу жүргізілген уақытта жүрек-қан тамырлары ауруларынан 8304 адам қайтыс болды.


Ғалымдардың айтуынша, тамақты электр немесе газ плитасына пісіру жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығу қаупін айтарлықтай төмендетеді.


Sputnik


 




Көрілген: 626    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.08.2018, 14:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31