Денсаулық

Қазақстанда алғаш рет адамға жасанды жүрек салынды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығында 60 жастағы ер адамға жасанды жүрек имплантанциясы жасалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


"Бұған дейін оның созылмалы жүрек ауруы болған. Оның өмірін тек жасанды жүрек имплантациясы ғана құтқаратын еді. Донор да табылмады. Сол себепті біз жасанды жүрек отасын жасағанды жөн көрдік. Қазір пациенттің жағдайы жақсы. Емxанадан шығуға дайындалып жатыр. Ота жасалғалы бері бір жарым ай өтті. Бәрі ойдағыдай. Ешқандай ақаулықтар байқалмайды", - деді Ұлттық кардиоxирургия орталығының басшысы Юрий Пя Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.


Алдағы уақытта осы іспетті тағы төрт отаны жасау жоспарланып отыр.


Оның айтуынша, жасанды жүрек - "Carmat SA" атты француз компаниясының өнімі. Компания мамандары аталған құрылғыны Еуропаның аэроғарыш және қорғаныс концернімен бірлесіп шығарды.


2013 жылы "Carmat" маркалы жасанды жүрек алғаш рет сынақтан өтті. Оны 76 жастағы қарияға салып берген. Тура 74 күннен кейін ол қайтыс болды.


Ал кейінгі пациенттер жасанды жүрекпен 8-9 ай жүрді. Сол кезде компания жаңа аппараттың бір ақаулығын анықтады. Жасанды жүректі ұзақ пайдаланғаннан кейін қан моторға кетіп отырған. Артынан ол ақаулық жөнделді.



Айта кетейік, жүрек жұмысын ұстап тұруға арналған құрылғылардың басты мақсаты - пациенттің өмірін ұзарту, донор табылғанша адап өмірін сақтау. Ал "Carmat" іспетті аппараттар бұрынғы жүректі толығымен алмастыруға арналған. Оның қазіргі бағасы - 1 млн еуро.



 




Көрілген: 165    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 06.12.2017, 19:28

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
2 Желтоқсан, 20:37
Егер суық тисе...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31