Денсаулық

Қазақстанда менингококктың «А» деген түрі көптеп тіркелген

  • © 24.kz

    © 24.kz

Биыл жыл басынан бері Қазақстанда менингококк инфекциясын 58 адам жұқтырған. Оның 12-сі ауру салдарынан көз жұмған. Қайтыс болғандардың бесеуі – 14 жасқа толмаған балалар. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі баспасөз мәслихатында хабарлады.


Біртановтың айтуынша, ең жоғары көрсеткіш 2015 жылы тіркелген. Ол кезде менингитке 424 адам шалдығып, оның 21-і қаза тапқан. Қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Аурудың алдын алу мен емдеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:


– Осы жағдай басталғанда науқас 30 сәуірде тіркелген. Біз қажетті санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ұйымдастырып жатырмыз. Өткен аптада менің бұйрығыммен өңірлік штабтар құрылған. Емдеу шаралары сол штабтың негізінде іске асырылады.


Антибиотиктік шаралар науқастармен кемі 3 сағат қарым-қатынаста болғандардың бәріне тағайындалады. Мұндай 4 мыңнан астам адам бар. Министр азаматтардың өз еріктерімен вакцина алуға болатындығын да еске салды. Оның құны –шамамен 22 мың теңге. Бүгінгі таңда 330 адам екпе алыпты. Бұл бағытта фармацевтикалық комитет алыпсатарлықты болдырмау үшін жұмыс істеп жатыр.


Елжан Біртанов қазақстандықтарды дүрбелең туғызбауға және жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды. Бас прокуратура осы іске қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті.


Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Қазақстанда менингококктың «А» деген түрі көптеп тіркелуде екен. Жандарбек Бекшин,


ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:


– Бұл инфекция суық кезде, әсіресе көктемде белең алады. Иммунитеттің түсіп кетуі, қатты тоңып қалу, дұрыс тамақтанбай ашқұрсақ болып жүру осының бәрі әсер етуі мүмкін. Бактерия ультракүлгін сәулесіне өте сезімтал. Қауіптілігі жаз кезінде төмендейді.


24.kz


 




Көрілген: 568    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.06.2018, 20:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31