Денсаулық

Қазақстандықтар даладағы әжетхананың кесірінен бедеулікке шалдығуда

  • Қазақстандықтар даладағы әжетхананың кесірінен бедеулікке шалдығуда

    Қазақстандықтар даладағы әжетхананың кесірінен бедеулікке шалдығуда

Қазақстандықтардың бедеулігіне даладағы әжетханалар себеп болуы мүмкін. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.


Кей мектеп оқушылары даладағы әжетханаларды пайдалануға мәжбүр болғандықтан, бедеулікке шалдығуда. Мұндай мәлімдемені "Аман-саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова сенаттағы парламенттік тыңдалымда жасады.


"Мәселен, мен бедеулік туралы айтқан болатынмын. Бүгінде ересектер түсіктен ғана емес, оқушы кезінде даладағы әжетханаларды пайдалануға мәжбүр болып, бала кезінен ауруын асқындырғандықтан да бедеу болуы мүмкін", - дейді маман.


Ол елімізде некеге тұрған жұптардың 15 пайызы бедеулікке шалдыққандықтан, бір жылға жасанды ұрықтандыруға бөлінген 900 квота жеткіліксіз болатынын алға тартуда.


Айта кетерлігі, жасанды ұрықтандыруды бір рет жасату кемінде 700 мың теңге тұрады.




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

жұма, 06.04.2018, 21:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31