Денсаулық

Қазақстандықтар электронды денсаулық паспортына қашан толық көшеді

  • Қазақстандықтар электронды денсаулық паспортына қашан толық көшеді

    Қазақстандықтар электронды денсаулық паспортына қашан толық көшеді

Бүгінгі күні 10 млн халықтың электрондық денсаулық паспорты бар. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


"Цифрландыру аясында денсаулық сақтау жүйесінің ашықтығын арттыру мақсатында мынадай шаралар жоспарланған: бірыңғай интероперабельділік платформасын өндірістік пайдалануға беру, барлық ақпараттық жүйелердің интеграциясы, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап саладағы медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізу, жергілікті электрондық денсаулық паспорттарын ұлттық денсаулық паспорттарымен үйлестіру», - деді ол.


Министрдің дерегінше, бүгінгі күні 10 млн халықтың электрондық денсаулық паспорты бар.


«2020 жылға қарай халықтың 100 пайызында электрондық денсаулық паспорттары болады. Бұл әрбір адамның қай мекемеге жүгінгеніне қарамастан азаматтың денсаулығы туралы объективті деректерге толық қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Медициналық көмек алудың сапасы мен ыңғайлылығын жақсартады»,- деді ол.


Елжан Біртановтың айтуынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» құрылды. Қорда 100,5 млрд теңге жинақталды.


«2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қор Тегін медициналық көмек қызметтерінің бірыңғай сатып алушысы болып табылады»,- деді министр.




Көрілген: 328    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.10.2018, 17:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31