Денсаулық

Қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекті уақытылы алатын болады - Біртанов

  • Қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекті уақытылы алатын болады - Біртанов

    Қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекті уақытылы алатын болады - Біртанов

 Ағымдағы жылы қазақстандықтар тегін дәрі-дәрмекті уақытылы алуы керек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің барлық кезеңі автоматтандырылып жатыр. Қазір түгел дерлік емхана қағазсыз жұмыс істеуге көшкен, яғни, әрбір дәрігерге қаралу электронды жүйе бойынша тіркеледі. (...)", - деді Біртанов дәрі-дәрмек сатып алуға арналған веб-порталдың тұсаукесерінде.


"Автоматтандырылған режимде электронды сатып алуды жүзеге асыру жоспарланып жатыр. Біз СК "Фармация" арқылы барлық деңгейде қалдықты көріп отырамыз. Бұл ақпарат емханада рецепт жазу және берумен синхрондалады. Мұнда тағы бір ескерту бар. Біз бөлінген және қалған дәрі-дәрмектерді көре аламыз. Сонымен қатар, кері байланыс орнатамыз, науқас алған нәрсесін sms немесе мобильді қосымша арқылы растай алады", - деді министр. Оның айтуынша, веб-порталда қалған дәрілердің нақты саны көрсетіледі. "СК "Фармация" онлайн режимде қалған дәрі-дәрмекті көріп және қажет болған жағдайда қайта сатып алып, аймақтарға таратып отырады. Жыл соңына дейін сынақ нұсқасын жетілдіріп, келесі жылы көптеген қиындық шешіледі деп үміттенемін. Бірінші кезекте халық уақытылы дәрімен қамтамасыз етілуі керек", - деді Біртанов.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 405    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.07.2018, 18:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31