Денсаулық

Қазақстандықтарға тұмаудың жаңа екі түрі туралы ескерту жасалды

  • © pixabay.com

    © pixabay.com

Қазіргі уақытта Қазақстанда маусымдық аурулар кезінде тұмаудың жаңа екі түрі анықталды. Бұл туралы мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жандарбек Бекшиннің айтуынша, өткен жылы Қазақстанда тұмаудың үш түрі тіркелді: "Мичиган", "Гонконг" және "Брисбен".


Биыл енді тағы екі түрі қосылды.


"Биыл жағдай өзгерді, Мичиганға" Сингапур" және "Колорадо" тұмау түрлері қосылды. Бұлардың ішінде ең қауіптісі "А" типі, оған қарсы иммунитет жоқ", - деп ескертті дәрігер.


Сонымен қатар, оның айтуынша, ведомствоның тексерісі барысында осы типке қазақстандықтардың тек 20 пайызында ғана иммунитет барын анықтаған.


Вирустан қорғану мақсатында, бас санитарлық дәрігер иммунитет көтеру шараларын және вакцинация жасауды ұсынады.


Биыл Қазақстанда вакцинация 1 қазанда басталады. Қазіргі уақытта елімізге жарты миллион вакцина дозасы жеткізілген. Бұған 1 миллиард 200 миллион теңге жұмсалған.


Қалған тұрғындар үшін ақылы медициналық пункттер жұмыс істейтін болады. Олар туралы мәліметтер қалалық денсаулық сақтау басқармасыжәне қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің сайттарында жарияланады.

 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

жұма, 14.09.2018, 18:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30