Денсаулық

Келесі жылдан бастап дәрігерлер үшін жаңа талап күшіне енеді

  • Келесі жылдан бастап дәрігерлер үшін жаңа талап күшіне енеді

    Келесі жылдан бастап дәрігерлер үшін жаңа талап күшіне енеді

2019 жылдан бастап интернатураны бітірген дәрігерлер мемлекет бағыттаған жұмыс орындарында үш жыл жұмыс істеуге міндетті.


ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ауылдарды дәрігерлермен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Біртанов ауылдарда медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үкімет пен министрліктің басты назарында екенін атап өтті.


"Қазіргі таңда бірнеше мәселе бойынша шаралар қолға алынып жатыр. Ең алдымен, кадрмен қамтамасыз ету. Осы мәселені шешу үшін 2016 жылдан бері мемлекеттік грантта оқыған, резидентураны бітірген азаматтарды міндетті түрде үш жыл жұмыс істеуге жібереміз, оның ішінде ауылдар да бар. Ал келесі жылдан бастап интернатураны аяқтаған дәрігерлер заң бойынша мемлекет жіберген жұмыс орындарына барып, үш жыл қызмет ететін болады", — деді министр мәжілісте денсаулық сақтау мәселелері туралы заң жобасын таныстыру барысында.


Екіншіден, Біртановтың айтуынша, өткен жылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға медициналық білім беру ұйымдары негізінде жергілікті бюджеттен грант бөлу арқылы оқыту мүмкіндігі берілген.


"Соның арқасында былтырғы жылмен салыстырғанда биыл әкімдік гранттарымен оқып жатан студенттер саны екі есеге көбейді. Келешекте оқуын аяқтаған дәрігерлер өз облыстарына барып, жұмыс істейтін болады", — деді ол.


Министр ауыл медицинасын тиісті деңгейде қаржыландыру мәселесіне де көңіл бөлініп отырғанын айтты.


"Осыған байланысты біз биыл бір адам үшін алғашқы медициналық көмек тарифін көтердік. Қазіргі таңда кейбір өңірлерде жедел жәрдем тарифін көтеруге мүмкіндік беретін бұйрық әзірленіп жатыр", — деді ведомство басшысы.


Сонымен қатар ол транспорттық медицина мен санитарлық авиация дамытылып жатқанын атап өтті.


"Өздеріңіз байқап отырғандай, жыл сайын санитарлық авиацияға жұмсалған қаржының мөлшері өсіп жатыр. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек қажет болғанда, ауыл тұрғындарын қалаларға немесе рспубликалық маңызы бар Астана, Алматыға әкелуге мүмкіндік бар", — деді министр.




Көрілген: 756    Пікірлер: 0

жұма, 21.09.2018, 21:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31