Денсаулық

Көкшетауда 10 айлық сәби менингит диагнозымен ауруханаға түсті

  • CC0 / M Ameen

    CC0 / M Ameen

Көкшетауда 10 айлық сәби менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, бірақ диагноз әлі расталмаған, деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы Sputnik агенттігіне.


"Он айлық қыз 30 мамырда Біржан Сал ауданынан жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы өте ауыр. Клиникалық белгілерге байланысты "менингококк инфекциясы" деген диагноз қойылды, бірақ әлі нақты расталған жоқ, сараптама нәтижесін күтіп отырмыз", — деді Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Татьяна Бишораева.


Бала үш күн бұрын ауырып қалған. Кішкентай қыздың денесі бөртіп кетіпті. Анасы жақпа маймен емдемек болғанда, сәбидің хәлі нашарлап, жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен.


"Бірден консилиум құрдық, республикалық дәрігерлермен кеңесіп отырмыз", — деп мәлімет берді дәрігер.


 


 




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

жұма, 01.06.2018, 12:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31