Денсаулық

Көкшетауда бір бүйрегі жоқ қыз дәрігерлердің кесірінен мүгедектікке шыға алмай жүр

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Сыңар бүйрекпен дүниеге келген қызға талай жылдан бері мүгедектік берілмей келеді. Соның кесірінен барған сайын денсаулығы нашарлап бара жатқан 13 жасар Гүлназдың ем-дом алуына кедергі болып тұр. Ал қызы үшін алаңдаған ата-ана талай жердің табалдырығын тоздырып, жүйкесі жұқарғанын айтады.


Бұл – Гүлназдың күнде таңертең ұйқыдан тұрғандағы түрі. Бет-аузы көнектей болып ісіп, тіпті дәреті де жүрмей қалады екен. Қызының 1 бүйрегінің жоқ екенін әке-шешесі 3 жасқа толғанда бір-ақ білген. Сол уақытқа дейін талай ауырып, тіпті ультрадыбыстық тексеруден де өтіпті.


Алайда ол кезде баланың бір ағзасының жоқ екенін дәрігерлер де білмепті. Осындай қиындықпен өмір сүріп келе жатқан қызға тиісті көмек керек -ақ. Ол айына 2 рет ауруханаға жатып шығады. Дәрі-дәрмек те қазір қымбат. Осы тұрғыда жеңілдік болуы үшін Гүлназ мүгедектік алуы қажет.


Ал құзырлы орындар соны бермей, сандалтып отыр.


Нұргүл Мұхамеджанова, Гүлназ Қабденнің анасы:


- Бізді ешкім дұрыс қабылдамайды. Ол реанимацияда бірнеше рет жату керек дейді. Өскен сайын ауырады. Көзінің асты көгеріп, кіші дәретке де бара алмайды .


Дәрігерлер Гүлназдың жалғыз бүйрегінің де орнынан қозғалғанын айтқан. Сондықтан жоғары деңгейдегі медициналық көмек алу үшін мүгедектік деңгейі анықталса деп отыр ата-анасы.


Ал құзырлы мекеменің уәжіне жүгінсек, дәрігердің жан сақтау бөлімінен кейін ғана мүгедектік беріледі деуі мүмкін емес.


Нұрлан Шериязданов, Ақмола облыстық медициналық-әлеуметтік сараптама департаменті басшысының орынбасары:


-Ешкім де олай айтуға тиісті емес. Науқастың қай жерде, қандай жағдайда емделетінін тек емдеуші дәрігері шешеді. Бірақ біздің арнайы комиссияға Гүлназ Қабден келген жоқ. Барлық анализдерімен келуі керек. Сосын комиссия қарайды.


Алайда Нұргүл қызын комиссияға апардым деп отыр. Өзінің айтуынша, ондағылар өткізбей қойыпты.


-Мәселенің бір ұшын таппақ болып медицина саласындағыларға кезек-кезек хабарластық. Гүлназдың денсаулығына байланысты жауапкершілікті ақ халаттылар бір-біріне сілтеді. Мүгедектік беретін мекеме емдеуші дәрігерге жіберсе, емдеуші дәрігер учаске дәрігері біледі деп шықты. Соған қарағанда, бір бүйректі қызға жақын арада көмек бола қоймайтын тәрізді.


ktk.kz


 




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31