Денсаулық

Көмей, жұтқыншақ ауруларына шалдыққан балаларға ота енді тек өз елімізде жасалмақ

  • Көмей, жұтқыншақ ауруларына шалдыққан балаларға ота енді тек өз елімізде жасалмақ

    Көмей, жұтқыншақ ауруларына шалдыққан балаларға ота енді тек өз елімізде жасалмақ

Бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасында көмей, жұтқыншақ ауруларына шалдыққан, ЛОР органдарының жазылмайтын патологиясына ұшыраған балаларды емдеу мәселесі шешімін таппай келді. Біріншіден, елімізде білікті мамандар аз, екіншіден, емдеуге, ота жасауға қажетті заманауи аппараттар жоқтың қасы. Сондықтан көмей ауруларына шалдығып, тыныстары тарылып, дауыстары шықпай сыбырлап қалған балалар шетел асып емделуге мәжбүр болды. Дәл осы мәселені шешу мақсатында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры Алматы қаласындағы Ақсай балалар ауруханасына көмей, жұтқыншақ ауруларын емдейтін су жаңа медициналық қондырғыны сыйға тартты. Сондай-ақ Шыңжаң медициналық университетінің бірінші емханасының құлақ, мұрын, тамақ ауруларының маманы, әрі бөлім меңгерушісі Айқын Шүкірхан арнайы келіп, сәуірдің 12-14 күндері аралығында «Ақсай» клиникасында Smartxide HS лазер нұрымен емдейтін медициналық қондырғымен жұмыс істеуді үйрету, ота жасап көрсету және дәрігерлерге кеңес беру іс-шараларын өткізді.


Көмей – балалардың вирустық паппиломның көбеюі мен қозуына өте қолайлы, қан тамырлары көп орналасқан, сілемейлі қабаттары өте әлсіз орган. Паппиломдар алғашында зияны жоқ болып басталғанымен, кейіннен олардың көмейдің қатерлі ісігіне айналып кету қаупі өте зор. Көмей патологиясын емдеу этиологияға байланысты өте ұзаққа созылады және кезең-кезеңмен емделеді екен. Айталық бір балаға 5-6, тіпті одан да көп ота жасатқаннан кейін ғана көмей паппиломынан айығуы мүмкін.

Еліміз бойынша көмей ауруларын емдейтін клиникалар мүлде жоқ, тек Алматы қаласындағы «Ақсай» университеттік клиникасында ғана көмей паппиломын алып тастаумен немесе емдеумен айналысады. Алайда осы уақытқа дейін мұнда арнайы медициналық жабдықтардың болмауына байланысты емдік шаралар мен жасалған оталар уақытша ғана әсер беріп келді.





Айгүл Рахманқызы, «Ақсай» университеттік клиникасының дәрігері:


«Біздің клиникамызға еліміздің барлық өңірлерінен 6-7 айлық балалардан бастап ағылып келеді. Арнайы мамандандырылған жабдықтардың болмауынан біздің мүмкіндігіміз шектеулі болды. Сондықтан балалар қайырымдылық қорларының көмегімен шетелдерге барып емделуге мәжбүр. Негізінен көптеген қайырымдылық қорлары онкологиялық, гемотологиялық науқастарға немесе жүрек ақауымен туылған балаларға көмектесуге күш салады. Ал көмей аурулары назардан тыс қалып жатады. Ал қазіргі кезде еліміз бойынша үш жүздеп астам бала осы көмей, жұтқыншақ паппиломы ауыр дертіне шалдыққан. Осы уақытқа дейін оларды емдеуге қолымыз қысқа болып келді. Өз басым он жылдан бері осы клиникада еңбек етіп келемін. Бірақ заманауи жабдықтардың болмауына байланысты бір балаға бірнеше мәрте ота жасауға мәжбүрміз, ал дерттері асқынған балалар шетелдерге барып ота жасатып келеді. Былтырғы жылы «Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры» мүшелері біздің клиникамызға келіп оңалту бөліміне медициналық құрылғы сыйлаған кезде мен ол кісілерге ЛОР бөлімінде жатқан балалардың жағдайын айтып, көмей ауруларына шалдыққан балаларды көрсеткен едім. Сол кезде клиникамызда көмей паппиломы асқынып, ауыр жағдайда жатқан 4 айлық баланың Түркияға барып ота жасатуы үшін қор мүшелері көмектерін берген болатын. Енді міне, өзімнің туыстарымдай болып кеткен Асқар Жакулин атындағы қор бізге қамқорлық жасап, көмей, жұтқыншақ ауруларына ота жасайтын медициналық қондырғыны сыйға тартып отыр. Бізге сыйға тартылған Smartxide HS лазер нұрымен емдейтін медициналық қондырғы өте қымбат, Қазақстанда мұндай аспап әзірге жоқ. Ендігі жерде бізде көмей аурулары азаяды деп ойлаймын. Қордың көмегімен мен Қытайға барып, Синь-Цзянь Медициналық университетінің базасында көмей патологиясы бойынша дәріс алып келдім. Ол жақтан алған әсерім ерекше. Бүгін біздің клиникамызға келіп шеберлік класын өткізіп жатқан білікті дәрігер Айқын Шүкірханұлынаи алғысым шексіз.



Шыңжаң медициналық университетінің бірінші емханасы, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры және С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Ақсай" клиникасы арасындағы серіктестік қатынас аясында Шыңжаң медициналық университетінің бірінші емханасының дәрігері Айқын Шүкірхан мырза науқас балаларды тексеріп, олардың ата-аналарына тегін кеңес берді және науқастарды іріктеп, жаңа медициналық қондырғымен ақысыз ота жасады.



Қызылордадан келген 5 жасар Аманбек Әбдірәсіл деген балақай көмей паппиломы асқынып, 10 сәуірде «Ақсай» клиникасының жан сақтау бөліміне түскен. Бала гипоксиядан тынысы тарылып, есінен танып қалған. Дәрігерлер баланы бірден отаға дайындап, жасанды жолмен тыныстату үшін аппаратқа жатқызды. Қытайдан келген білікті дәрігер Айқын Шүкірханұлы Аманбекке 13 сәуір күні ота жасады. Қазіргі кезде баланың жағдайы бірқалыпты.

12 сәуір күні Айқын Шүкірханұлы Аманбектен басқа да ЛОР органдарының дертіне шалдыққан 30-40 баланы қарап, олардың ата-аналарына кеңес берді, тағы бірнеше балаға ота жаады.






Айқын Шүкірханұлы, Шыңжаң медициналық университетінің бірінші емханасының дәрігері:




– Көмей паппиломы және басқа да ЛОР органдарының жазылмайтын патологиясына шалдыққан балаларға ота жасап келе жатқаныма он жыл болды. Ең бастысы, дер кезінде ауруды анықтап, ем-шараларды бастау. Әр баланың отадан кейінгі жағдайы әртүрлі болады. Өйткені әр баланың ағзасы әртүрлі, кейбірі бірден жақсарып кетсе, енді бірінің жағдайы уақыт өте келе қалпына келеді. Осыдан 10-15 жыл бұрын Қытайда да мұндай науқастар өте көп болатын, бірақ медицина күннен күнге дамып, жаңа аппараттар шыға бастағалы соңғы жылдары көрсеткіш төмендеді. Сіздер де жақсы медициналық қондырғыға енді қол жеткізіп жатырсыздар, алдағы уақытта көмей дертіне шалдыққан балалардың саны азаяды деп үміттенемін. Ең бастысы, балаларымыз ауырмасын.





Ирина Брежнева, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Ақсай" клиникасының бас дәрігері:

– Біз өз атымыздан, барлық науқас балалар мен ата-аналарының атынан Асқар Жакулин атындағы қорға алғысымызды айтамыз. Біз 2016 жылдың мамыр айынан бастап серіктестікте жұмыс атқарып келеміз. Біздің клиникамыздың 65 жылдық тарихы бар, бірақ соңғы үш жылдан бері ғана университетке өттік. Университетке өткен кезімізде клиникамыздың жағдайы мүшкіл, қарызы бастан асатын, мамандар мен медициналық құралдар тапшы болды. Енді міне, жылдан жылға жағдайымыз жақсарып келеді. Былтыр Гүлнар Сейдолла жетекшілік ететін қор клиникамыздың оңалту бөлімін жаңа аппаратпен жабдықтаса, енді биыл ЛОР бөліміне ерекше сый жасап отыр. Қордың көмегімен жетекші өндірушілер DEKA (Италия), Medtronic (АҚШ), Kari storz (Германия) секілді жабдықтар алында. Атап айтқанда сілемей қабықтарының тезірек жазылып кетуі үшін нүктелерге жарық сәулесімен әсер ететін СО2 иннновациялық лезерлік аппарат және сау тіндерге зиянын тигізбей папиллом, полиптерді таңдап резекция жасауға мүмкіндік беретін микродебридер, сондай-ақ ең бастысы ларингохирургия үшін заманауи жиынтық (әртүрлі қысқыштыр, саптаамалар, қайшылар , сорғыштар және т.б) алынды. Бұдан бөлек хирургтардың жайлы жұмыс істеуі үшін барлық жағдайлар жасалды, Ота жасау блогына желдеткіш, терезелеріне күңгіртттелген стеклопакеттер орнатты. Біз қор мүшелеріне шексіз рахметімізді айтамыз.





Гүлнар Сейдолла, Асқар Жакулин атындағы қордың директоры:




– 2016 жылы Асқар Жакулин атындағы қор құрылған кезде біз қайырымдылық шарасын жасау үшін көптеген балалар клиникаларын араладық. Солардың ішінде осы «Ақсай» университеттіек клиникасына тоқтауымызға себеп болған мұндағы дәрігерлердің балаларға деген ерекше қамқорлығы. Оның үстіне қайырымыдылықты ең мұқтаждарға жасаған абзал емес пе. Былтырғы жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Ақсай" клиникасының сұранысы бойынша Smartxide HS лазер нұрымен емдейтін медициналық қондырғыны қор жалпы құны 40 000 000 теңгеге жуық қаражатқа орнатып берген болатынбыз. Сол кезде клиника дәрігерлері өз жеке бастарына сыйлық алып жатқандай ерекше қуанды. Биыл да серіктестігіміз жалғасын тауып жатыр. Жаңа медициналық қондырғымен нәтижелі жұмыс атқарулары үшін де Шыңжаң университетіне барып, тәжірибе алмасып қайту үшін Айгүл Рахманқызын жібердік. Енді міне, Қытайдың алдыңғы қатарды медициналық мекемесінің білікті дәрігері Айқын мырза да біздің елімізге келіп, шеберлік кластарын көрсетіп жатыр. Болашақта екі ел арасындағы, соның ішінде медициналық мекемелер арасындағы қарым-қатынас нығая түседі деп ойлаймыз.







Ұлттың болашағы – дені сау ұрпақ. Балаларымыздың денсаулықтары мықты болсын! Ал бала денсаулығына бейжай қарамайтын жандардың еңбектеріне жеміс тілейміз.




Айнұр Сенбаева




Көрілген: 1448    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 19.04.2017, 12:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Ақпан, 11:14
    Интимді денсаулық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30