Денсаулық

Құлағы сол жақ бетіне орналасқан шымкенттік бүлдіршінге Алматыда ота жасалады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Құлағы сол жақ бетіне орналасқан шымкенттік бүлдіршінге ота Алматыда жасалатын болды. Бұл туралы екі жасар Нышанбектің анасы Әйгерім Әлімбаева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Баламыз туралы БАҚ-та жазылған соң демеушілер табылды. Біраз қараттық. Жергілікті дәрігерлер де тез арада тексеруден өткізіп, Алматыдағы «Ақсай» республикалық балалар ауруханасына кезекке қойды. Алайда біз бұл жолдама бойынша емдеуден бас тарттық. Себебі, баламды қарап жүрген дәрігер Алматыда 5-ші қалалық ауруханада білікті профессор бар екенін айтқан болатын. Біз енді портал арқылы сәуір айының 19 күні сонда ота жасатуға баратын болдық. Алматыға бір рет барып, қаралып келдік», - дейді бүлдіршіннің анасы.


Еске салайық, бұған дейін құлағы сол жақ бетіне орналасқан бүлдіршіннің анасы шұғыл ота жасатуға жұрттан көмек сұраған болатын. Себебі, туа біткен құлақ ауыз кемістігі бар баланың есту қабілеті нашарлай бастаған. Науқас баласының аузын тігуден жергілікті дәрігерлер бас тартып, мүгедектікке де шығара алмаған екен.


Ақ халаттылар бүлдіршін наркозды көтере алмай қалуы мүмкін екенін алға тартқан еді.


 




Көрілген: 567    Пікірлер: 0

жұма, 02.03.2018, 16:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30