Денсаулық

Қызылордада 27 жастағы жігіт менингиттен қайтыс болды

  • Сурет ашық дереккөзден алынды

    Сурет ашық дереккөзден алынды

Қызылорданың аудандық ауруханасында 4 маусымға қараған түні менингиттен 27 жастағы жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, өткен аптада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғынынан менингокок инфекциясы табылды. Оның жағдайы ауыр болған. Дәрігерлер қанша тырысқанмен, жас жігіттің өмірін сақтап қала алмады. Ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.


«Қаза тапқан жігітпен 15 адам тығыз қарым-қатынас жасаған. Олардың сараптама қорытындысы теріс нәтиже көрсетті. Қазір үйлерінде. Бірақ алдағы уақытта дәрігерлер оларды қадағалап отырады», - деді Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.


Ведомство аталған факті бойынша арнайы штаб құрды. Мамандар тұрғындар жаппай менингитпен ауырып алмауы үшін инфекция шыққан аймақта жұмыс істеп жатыр. Ал аудандық аурухананың қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды бастады.


«Менингит ауа-тамшымалы жолмен жұғатынын бәрі біледі. Сондықтан тұрғындар халық көп жиналатын жерде абай болу керек. Жақын арада менингокок инфекциясына қарсы вакцинацияны бастаймыз», - деп қосты Тұрсынбаева.




 




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.06.2018, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31