Денсаулық

Масқара! Атырауда дәрігер науқастың тісінде инесін ұмытып кеткен

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Атырау облысындағы Құлсары қаласының тұрғыны денсаулығына қауіп төндіріп, тісін сапасыз протездегені үшін стоматологтан жарты миллион теңге өндіріп алды деп хабарлайды azh.kz.


2017 жылы маусымда әйел адам жергілікті стоматологтардың біріне алдыңғы 4 тісіне металл керамикалық коронка салдыртуға жүгінеді. Процедураға 52 мың теңгесі жұмсалады. Бірнеше күннен кейін тісі қатты ауырған соң басқа стоматологқа барады. Ол пациенттің қызыл иегінен бұрынғы стоматолог «ұмыт» қалдырған протездеуге қолданылатын арнайы инені тауып алады.


Экс пациенті стоматологтан 541 мың теңге көлемінде материалдық залалды және 100 мың теңге көлемінде моралдық зиянды өндіріп алу туралы сотқа талап арыз береді.


- Істі қарау кезінде «Соттағы ымыраласу процедуралары» пилотты жобасының аясында судья-медиатордың көмегімен тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу туралы өзара келісімге келді, - деп хабарлайды Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер.


Келісім шарттары бойынша стоматолог талап арыз берушіге жалпы 500 мың теңге көлемінде материалдық және моралдық зиянды өтеуге міндеттелді, ал талап арыз беруші арызынан бас тартты.




 




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.01.2019, 13:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31