Денсаулық

Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі

  • © Sputnik / Анатолий Устиненко

    © Sputnik / Анатолий Устиненко

ҚР денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясының алдын алу және оның алғашқы белгілері жөніндегі жадынамаларды таратты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.


Менингококк инфекциясы – ауруды белгісіз тасымалдаушы, назофарингит (мұрын мен жұтқаншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зарарлануы) секілді түрлі клиникалық белгілері бар жіті жұқпалы ауру.


Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады.


Белгілері: бастың қатты ауруы, шөлдеу, құсу, дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бозару, тәбеттің төмендеуі, бөртпе, әлсіздік, арқа және аяқ-қолдардың ауруы.


Аурудың алдын алу үшін мынадай ережелерді сақтаған жөн:


— аурудың алғашқы белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауыруы, әлсіздік) пайда болған кезде дәрігерге көріну және басқа нұсқауларын орындау;


— түрлі мәдени-бұқаралық шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне баруды, ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке тазалықты сақтау;


— ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;


— созылмалы инфекция ошақтары ЛОР ағзаларын тазалау;


— тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;


— тоңудан, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен аулақ болу.


Sputnik


 


 




Көрілген: 1666    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.06.2018, 09:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31