Алаш баласы, айнаңа қара!

жұма, 28.04.2017



Денсаулық

Өлімге итермелейтін 3 әдет

  • Өлімге итермелейтін 3 әдет

    Өлімге итермелейтін 3 әдет

 


Қысқа алынған тырнақ, гигиеналық далап, тісті күніне екі рет тазалау. Бір қарағанда, ең дұрыс және «салауатты» әдеттер тізімі секілді көрінеді. Дегенмен, шын мәнінде, бәрі өте күрделі.


1. Жылдың суық мезгілінде жағылған гигиеналық далап


Ғимараттарда жылу қосылғанда, бөлме ішіндегі ауа тым құрғақ болады. Егер мұндай жағдайда гигиеналық далап қолдансаңыз, оның құрамындағы вазелин ылғалды ауадан емес (ауада ылғал жоқ), ерніңізден сорады. Нәтижесінде, ерніңіз одан сайын құрғап, ал сіз оны ылғалдандыру үшін далапты қайта-қайта жаға бересіз.



Ғалымдар зерттеуі бойынша, әйел адам 10 жыл ішінде мұнай өнімдерінің негізінде жасалған 3 келі техникалық вазелин «жейді» екен. Мамандар қатерлі ісік вазелинмен тығыз байланысты деп болжайды. Оған қоса, омырау қатерлі ісігіне душар болған әйел ағзасындағы гидрокарбонат (техникалық вазелин құрамындағы заттар) мөлшері сау әйелге қарағанда, екі есе көп болатыны анықталып отыр.


Не істеу қажет?


Ауа ылғалдатқышын орнатыңыз. Бөлме ішінде ауа ылғалдылығы 60%-дан кем болмауы тиіс!


Ара балауызынан жасалған гигиеналық далап сатып алыңыз.


Күніне 2 литр су ішіңіз. Ылғалдандыру сырттан емес, іштен болу керек!


2. Башпай тырнағының қысқа алынуы


Егер Сіз тырнағыңызды қысқа етіп қиып, мұның еш қаупі жоқ деп ойласаңыз, қателесесіз. Дұрыс емес алынған тырнақ тырнақ асты етіне өсуі мүмкін.



Егер қысқа алынған тырнақ асты іріңдей бастаса, не істеу керек?


Аяғыңызды буға ұстап, терісін жұмсартыңыз. Тіс тазалағыш көмегімен, кішкентай мақтаны тырнақ астына тығыңыз. Мақтаны тырнақ астында 1 күнге қалдырыңыз: бұл тырнақты іріңдеген жерден сәл көтеріп, дұрыс өсуіне мүмкіндік береді. Тырнақ астындағы теріге медициналық пластырь жапсырыңыз. Етке өсіп кеткен тырнақтың ұшын өз бетіңізбен алушы болмаңыз. Айтылған шараларды жасағаннан кейін де, жазылмаса, дәрігерге барыңыз!


3. Фторлы тіс пастасы


«Фторлы тіс пастасы тіс эмалін қатайтып, кариестен сақтайды», - деп ойласаңыз, сіз жартылай қателесесіз. 1972 жылы өткізілген медициналық зерттеулердің өзі фтордың денсаулыққа қауіпті екенін дәлелдеген. Ол сүйекте жиналып, қатерлі ісік – остеосаркома індетін ушықтырады.



Не істеу керек?


Фторлы тіс пастасын пайдалануды азайтып, мұндай пастаны күніне бір рет қана пайдаланған жөн. Фтор несепте, бұлшықет тарамдарында және қанда жиналады. Тісті қарапайым тіс пастасымен немесе тіс ұнтағымен тазалау керек.


massaget.kz




Көрілген: 586    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 17.03.2017, 21:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Ақпан, 11:14
    Интимді денсаулық
    24 Желтоқсан 2016
    Циститті емдеу тәсілдері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30