Денсаулық

Павлодарда басқарма қызметкерінің бас дәрігермен не үшін төбелескені белгілі болды

  • © Probusiness

    © Probusiness

Павлодарда облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкері мен аурухананың бас дәрігері не себепті төбелескені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Осы оқиға туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев брифинг барысында мәлімдеді.


"Таяуда Шахмарданов № 3 қалалық ауруханасында болды. Куәгерлерден сұрау кезінде оның қызмет көрсетуші мамандармен дөрекі сөйлескені анықталды. Алайда әкімшілік деген бар, барлығында жанжалсыз сол жерде шешуге болатын еді. Қандай да бір ереже бұзушылықтар болса да өкілеттілігін асыра пайдалануға негіз жоқ", - деді Мұқашев.


Оның айтуынша, Денсаулық сақтау басқармасының қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру шарасы жалғасып жатыр екен.


"Облыс әкімдігінің тәртіп бойынша кеңесінде мемлекеттік қызметкердің әрекетін баға беріледі. Бұл әрекеті үшін ол тәртіптік жазаға ұшырайды деп ойлаймын. Бұл әрекетті ешкім қолдамайды, әрине, менің ойымша ол мемлекеттік қызметте жұмыс істемеуі керек. Ол дәрігер, хирург, облыстық ауруханада жұмыс істеген,фармкомпанияда қызмет еткен, өіне жүктелген міндеттерін бұлжытпай орындап жүрді. Қалай болғанда ол өз әрекетімен мемлекеттік қызметкердің тәртіп заңын бұзды, оның әрекеті шектен шыққандық", - деді Мұқашев.


Облыстық бас дәрігер төбелескен екінші адам жайлы да пікір білдірді.


"№ 3 қалалық ауруханасының бас дәрігері Мәрлен Ахметов өзім жеке танимын, екеуіміз біраз жылдар бойы бірге жұмыс істедік. Мінезі жақсы. Меніңше, бұл жағдайда ол кінәлі емес және бұқаралық ақпарат құралдарына және облыс тұрғындарына оның нағыз адамгершілігі мықты тұлға екенін және біраз жылдан бері аурухана басшылығы қызметінде жұмыс істеп келгенін айтқым келеді", - деді Мұқашев.


Оның айтуынша, екеуі де ауруханада жатыр.


"Мәрлен Ахметов айтарлықтай жарақат алған. Нариман Хахмардановқа қатысты менің бұйрығым бойынша тәуелсіз комиссия құрылды, олар оның қаншалықты науқас екенін анықтайтын болады. Оған компьютерлік томография, МРТ жасалды. Комиссия оған қойылған диагноздың қаншалықты рас екенін анықтайтын болады", - деді Мұқашев.


Айта кетейік, оқиға 14 қарашада Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында болды. Медициналық қызметкерлермен өткен жиналыстан соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкері Нариман Шахмарданов № 3 қалалық ауруханасының басшысы Мәрлен Ахметовпен төбелескен. Төбелес салдарынан екеуі де ауруханаға түскен. Шахмардановтың миы шайқалған, ал Ахметовтың қабағы жарылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында арнайы комиссия құрылды.


 




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

жұма, 16.11.2018, 16:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31