Денсаулық

Пластикалық отадан көз жұмған әйел: сот хирургқа сөз берді

  • Көрнекі сурет.  © 4esnok.by

    Көрнекі сурет. © 4esnok.by

Алматыда пластикалық отадан көз жұмған Украина азаматшасының өлімі бойынша сот жалғасып жатыр. Бүгін сотта хирург сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.


Айыптау актісіне сәйкес, Дана Агамурадова медициналық көмек кезінде жіберліген бірнеше қателіктен көз жұмған. Әйелдің ішінен, иығынан, арқасынан май алу кезінде май түйіршіктері өкпе тамырларын бітеп қалған.


«Қаза болған әйелдің анамнезінде бауыр ауруы жазылған. Бауыры ауыратыны жөнінде ол хирург Дмитрий Писаревке айтқан. Ал хирург анестезиолог-реаниматолог болмаса да, жансыздандыру дәрісін өзі салған. Операция «Центр Эстетики Ольги Рубас» ЖШС процедуралық кабинетінде қолдан құралған аппаратпен жасалған. Отадан соң әйелдің жағдайы нашарлағанда емханада реанимациялық шара жасайтын мамандар болмаған соң, «Авторлық медицина» ЖШС емханасына жеткізілген. Дана Агамурадова дер кезінде медициналық көмек алу мүмкіндігінен қағылды. Соның кесірінен ол қайтыс болды», - деді мемлекеттік айыптаушы.


Хирургтың айтуынша, әйел тек сымбатын қалпына келтіруді сұраған. Ал денсаулығында кінәрат барын айтпаған.


«Отаның алдында оған барлық қауіп-қатер туралы ескертілді. «Асқынуы мүмкін» деген құжатқа қол қойды. Барлық пластикалық оталар жоспарлы түрде жасалады әрі оған пациент бар анализін тапсырып, дайын келеді. Пациент жартылай жансыздандырумен жүргізілетін отаға қажетті барлық талдаудан өтті», - деді Писарев.


«Бұның бір артықшылығы - пациент есінен танбайды. Оның жағдайын сұрап сөйлесуге болады. Сонымен қатар, оның денесін ары-бері қозғауға мүмкіндік туады. Судьяның назарын мынаған аударғым келеді, асқынған гепатит толық анестезия кезінде қауіпті болуы мүмкін. Сол үшін мен жартылай жансыздандыруды таңдадым. Куәгер ретінде қатысқан сарапшы да асқынған гепатитттің жартылай жансыздандыру үшін еш кедергі келтірмейтінін айтты», - деді хирург.


Дәрігер әйелге І дәрежелі семіздік деген диагноз қойған.


«Ауру тарихына маған диагноз жазу керек болды. Ол бізге сымбатын қалпына келтіру үшін келгендіктен, І дәрежедегі семіздік деген диагноз қойдым», - деді хирург.


Қылмыстық істі қарау 22 қарашада жалғасатын болды.


Айта кету керек, қайғылы жағдай Алматыда екі жыл бұрын болған еді. Украина азаматшасы Дана Агамұрадова липосакция (іш майын алғызу) үшін жекеменшік емханалардың бірінде ота жасатқан. Алайда әйел ота үстелінде есін жимаған күйі дүниеден өтті.


Қазір ота жасаған хирург Дмитрий Писарев сот алдында жауап беруде. Оған қарсы ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімімен (өз міндетін дұрыс атқармау кесірінен адам өліміне әкелу) айып тағылды.


Жақында осыған ұқсас жағдай Алматыда тағы қайталанған болатын. Алматы емханаларының бірінде 30 жастағы келіншек отадан соң есін жимастан көз жұмды. Екі отаны да ресейлік хирург Дмитрий Писарев жасаған.


 




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.11.2018, 19:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31