Денсаулық

Ракпен ауырмаудың негізгі жолдары қандай?

  • Ракпен ауырмаудың негізгі жолдары қандай?

    Ракпен ауырмаудың негізгі жолдары қандай?

Қатерлі ісікпен ауырудың жартысына жуығы зиянды әдеттерден болады. Америка онкологиялық қоғамы мамандары осындай қорытынды жасады.


Мамандар Ұлттық рак институты мен АҚШ аурулардың алдын алу және бақылау орталығы ұсынған мәліметтерді талдады. Зерттеу қатерлі ісікке негізінен активті және пассивті шылым шегу, ішімдік ішу, ет жеу, семіздік және физикалық қимылдың жоқтығы себеп болатынын көрсеткен.


Оның ішінде шылым шегу ракқа шалдығудың негізгі себепшісі болып шықты. Ракпен ауырудың 19%-ы шылым шегуден болады. Ал семіздікке қатерлі ісіктің 6,5%-ы және одан қайтыс болудың 6,5%-ы тиесілі. Тері рагінің басым бөлігі күнге күюден болады.


ACS мамандарының айтуынша, зиянды әдеттерден арылу, дұрыс тамақтану, физикалық жаттығулар жасау арқылы рак қаупін айтарлықтай төмендетуге болады. Мұнымен қатар аурудың алдын алуға тұрақты түрде скрининг жасап тұру да көмектеседі.


Бұдан бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қарасты Қатерлі ісікті зерттеу агенттігі мамандары ысталған, қақталған ет өнімдері ішек рагі қаупін күшейтетінін айтқан болатын. Оның ішінде колбаса мен сосиска ең қауіпті ет өнімдері болып шықты.


qkz.kz




Көрілген: 1383    Пікірлер: 0

жұма, 23.11.2018, 22:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31