Денсаулық

Семейдегі балабақшада менингит дерті тарады

  • © 1obl.ru

    © 1obl.ru

Семейде "Жұлдыз-Ардақ" балабақшасының басшылығы үш баланың менингит жұқтырғанына қарамастан карантин жариялаған жоқ.


Мектепалды даярлық мекемесінің үш тәрбиеленушісінде менингит диагнозы расталса, тағы үш балақай тексеруден өтіп жатыр. Олар да менингит жұқтырған болуы мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE.


Бастапқыда екі баланың дертке шалдыққаны анықталғанда балабақша басшылығы "Жүзім" атты бір топта ғана карантин жариялайды — 26 қазаннан 12 қарашаға дейін, бірақ кейін басқа бір топта оқитын тағы бір бала "менингококк жұқпасымен" ауруханаға жатады.


Балабақша тәрбиеленушілерінің арасында дерттің таралауына ата-аналар басшылықтың дұрыс шаралар қолданбауын айыптап отыр. Балалардың басқа жерде менингит жұқтыруы мүмкін емес, дейді ата-аналар.


"Қызым 28 қазанда балабақшадағы мерекелік шараға қатысты. Содан соң ауырып қалды. Ыстығы көтеріліп, құса бастады. Кейін буындары ауырып, бірнеше сағаттан соң аяғы қызарып кетті", — дейді "Құралай" тобындағы қыздың анасы Қорлан.


1 қарашада бүлдіршіннің жұлынынан пункция алып, менингит деген диагноз қояды. Баланың ата-анасы айтқандай, қызы адам көп жиналған жерде болмаған, қоғамдық көлікке де отырмапты. Олардың пікірінше, жұқпалы дертке балабақшада өзге топтағы балалармен бірге мерекелік шараға қатысқанда ғана шалдығуы мүмкін.


Бірақ мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшылығы жұқпалы дерттің таралуына кінәлі емеспіз деп отыр. "Жұлдыз-Ардақ" балабақшасының методисі Маржан Оразғалиқызының айтуынша, жергілікті СЭС топтардың бірінде карантин жариялаған. Екінші рет менингит диагнозы қойылған кезде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ешқандай қаулы шығармағандықтан, шаралар кесте бойынша өткізіліпті. Оның үстіне балабақша әкімшілігі өз бетімен карантин жариялай алмайды, ондай құзыреті жоқ.


Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы жайтқа қатысты әлі ешқандай түсініктеме бермеді.


Sputnik


 




Көрілген: 257    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 15:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30