Денсаулық

Шымкентте сұлулық сырын ашқан маманмен кездесу өтті

  • Шымкентте сұлулық сырын ашқан маманмен кездесу өтті

    Шымкентте сұлулық сырын ашқан маманмен кездесу өтті

Шымкентте Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жерді түлеткен перзент» атты бөлімінің негізінде кәсіпкер әйел Сәуле Мұсаеваның кездесу кеші өтті, деп хабарлайды Baq.kz-тің өңірдегі тілшісі.


А.С.Пушкин атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өткен «Менің өмірімнің үздік адамдары» атты кездесуге рухани құндылық мекенінің тұрақты оқырмандары мен қызметкерлері жиналды. Онда қатысушылар нәзік жандылар қауымына сұлу болудың қыр–сырын үйретіп қана қоймай, бұл жолда өзі ойлап тапқан косметикаларды да тұтынушыларына ұсынып келе жатқан кәсіпкер Сәуле Мұсаеваның тәжірибелік сабақтарын тыңдады. Химия ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тамақ өндірісі және қауіпсіздігі кафедрасының доценті Сәуле Мұсаева жүз пайыз табиғи өнімнен жасалған косметикаларын кездесуге келгендерге таныстырды.


«Сәуле Мұсаеваның өзi ойлап тапқан «Айсәуле» кремдерi мен шөп дәрiлерi бүгiнде тұрғындар арасында кеңінен танымал болып, сұранысқа ие болып жүр. «Сұлулықтың сырын ашқан Айсауле» атты кездесуге келгендер косметикалық фирманың ашылу тарихымен, өнімдерімен танысып, шеберлік сағатынан өтті. «Атамекен» жобасы аясында қолға алынған мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», – деді кітапхана директоры Шарбану Динасилова.


Кездесуде қатысушыларға косметика өнімдерін қолданып көруге де мүмкіндік туды.


«Мирас» университетінің екінші курс студенті Айгүл Садық бұған дейін мүлдем косметика қолданып көрмеген. Кітапхананың тұрақты оқырманы атанған ол ондағы қызметкерлер кәсіпкер әйелмен кездесу өткізетінін айтқан соң шараға қатысуға келісім беріпті. Сұлулық маманының тәжірибелік сабақтарында түрлі кеңестерге қанық болған студент косметика табиғи өнім болғандықтан оны өзі де қолданып көруге шешім қабылдаған.


«Бұған дейін кітапханада түрлі ақын–жазушылармен жиі кездесу өтіп тұратын. Кәсіпкер азаматтармен де бірнеше рет жолықтық. Олар өз жұмыстарымен бөлісіп, біз секілді жастарға мотивация беріп келді. Сәуле Мұсаеваның айтқан кеңестері қатты ұнады. Біз секілді бойжеткендерге сұлу болып жүруден асқан арман бар ма? Косметикалық өнімдер жүз пайыз табиғи болғандықтан бет терісінің күтіміне арналған масканы қолданып көрдім. Алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын. Бетім ылғалданып, ақ ұлпадан жұмсарып қалды. Алдағы уақытта бұл өнімдерді тұрақты түрде қолданатын болдым», – деген студент «Айсәуле» косметикалық фирманың өнімдерінің бағасы өзі секілді жастардың қалтасына қонымды екенін де жеткізді. Кездесу соңында әсері бір рет қолданғаннан–ақ оң нәтижесін беретініне көзі жеткен қатысушылар өнімдерді таласа сатып алды.



Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ


 




Көрілген: 1580    Пікірлер: 31
Пікірлерді оқу (31) preloader

жексенбі, 22.10.2017, 12:07

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30