Денсаулық

Сүт безінің қатерлі ісігін болдырмау тәсілі анықталды

  • © ecology.md

    © ecology.md

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуге сәйкес D дәрумені сүт безі қатерлі ісігі тәуекелін төмендететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері EurekAlert сайтында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Сарапшылар 2002-2017 жылдары 3325 әйел қатысқан екі рандомизацияланған бақылау сынағы мен қан құрамында D тобына жататын дәрумендерінің көлеміне қарай топтастырылған 1713 ерікті қатыстырылған топтық зерттеудің нәтижелерін сараптамадан өткізді. Жасы 55-тен асқан әйелдердің барлығының дені сау болған және ғалымдар төрт жыл бойы олардың денсаулығын бақылап отырған.


Барлығы 77 жағдайда сүт безі рагы тіркелген. Анықталғандай, қан құрамында D тобына жататын дәрумендер көп болғандардың қатерлі ісікке шалдығу қаупі қан құрамында 1 милилитрге шаққанда 20 нанограммнан аз дәрумен бар адамдардан бес есе төмен болған.


Зерттеушілердің айтуынша, зерттеу нәтижелерін эпидимиологиялық мәлімметтер толықтырып отыр. Оларға сәйкес D дәруменінің ағзадағы жетіспеушілігі мен егде жастағы әйелдердің сүтбезі рагына шалдығуы арасындағы байланыс байқалуда. Ағзадағы дәруменнің қажетті көлеміне қол жеткізу үшін диеаталық қосымшаларды және 4-6 мың халықаралық дана (ХД) тамақты тұтыну керек. D дәрумені үшін бір халықаралық дана 0,025 микрограммға пара пар. Бұл көлемді күнделікті күн көзіне 10-15 минутқа шығу арқылы азайтуға болады.


Бұған дейін D дәруменінің ұсынылатын көлемі күніне 600-800 ХД болған. D дәруменінің қауіпсіз межесін арттырған жағдайда жүрек айну, іш қату, салмақ тастау, жүрек соғысының бұзылуы мен бүйрекке зақым келтіру қаупі артуы мүмкін.


 


 




Көрілген: 701    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.06.2018, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31