Денсаулық

Сымбатты көрінгісі келеді: Қазақстанда ерлер пластикалық отаға жиі жүгінетін болған

  • Сымбатты көрінгісі келеді: Қазақстанда ерлер пластикалық отаға жиі жүгінетін болған

    Сымбатты көрінгісі келеді: Қазақстанда ерлер пластикалық отаға жиі жүгінетін болған

 Әйелдерден кейін пластикалық хирургия көмегіне ер адамдар да жүгінетін болыпты. Дәрігерлердің сөзінше, қазақстандық ерлер қатал және жастау көрінгісі келеді екен. Ер адамдардың қалай өзгергісі келетіні туралы Tengrinews.kz тілшісіне пластикалық хирургия мамандары айтып берді. Пластикалық хирург Анастасия Цойдың сөзінше, ер адамдар мұрын пішінін өзгерту үшін (ринопластика) көп келеді. Оның айтуынша, бұл кемшілігін өзгерту қажеттілігінен гөрі тұрмыс жағдайының жақсаруына көбірек байланысты. Ерлердің көп сұрайтыны - қисық және құс мұрынды түзету. Мұндай операциялардың құны 250 мың теңгеден басталады. Сонымен қатар, ер адамдар қабақ пішінін "еуропалық" етіп өзгертуін (блефаропластика) сұрап келеді. Дәрігер мұндай ер адамдар көбіне әйелінің өтінішімен келетін егде адамдар екенін байқаған. Кейде ер адамдарды әйелдерінің өздері ертіп келеді. Блефаропластика құны 80 мың теңгеден басталады.



Ал 35-40 жастағы кей адамдар жасырақ көрінгісі келетін болып шықты. Ол үшін Биш майларын алып тастауды сұрап келеді. Мұндай операциядан кейін бет пішіні кішірейгендей болады. Сонымен қатар, салбыраған иекті де алып тастауын сұрайтындар бар. 


Kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.04.2018, 22:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30