Денсаулық

Таракан жеген бала айықпас ауруға душар болыпты

  • Таракан жеген бала айықпас ауруға душар болыпты

    Таракан жеген бала айықпас ауруға душар болыпты

Себепсіз қалжырап, еңсем түсіп бара жатқан соң дем салдыруға барғанмын. Кезек күт­кендердің қатарына 3-4 жас­тағы баласын жетектеген келін­шек қосылды. Баланың басы тып-тықыр. Бірақ шашын алдырғанға ұқсамайды. Бейне бір таз адам сияқты. Өңі де боп-боз. 


Сөзден сөз шығып, мен осы келіншекпен танысып қалдым. 


«Қызылорда облысынан кел­дік. Айына бір рет осы ағайға дем салдырып аламыз. Сонда балам химия алғанда онша қиналмайды, – деді өзін Шара деп таныстырған ке­ліншек. – Біз тұрған үйге таракан үйір еді. Не істесем де кетпей қойды. Балам еңбектей бастағанда соларды ұстап алып, жеп қоя беретін. Жыбырлағанын қызық көреді ме, аңдығаны таракан болды. 


Бір күні түнге қарай үйді тағы да дәріледім. Таңертең ертелетіп ауылдағы туыстар келіп қалды. Базарға шыққан беттері екен. Оларға шай дайындап, ас қамдап жүріп баланы аңдамай қалыппын. Жолдан шаршап келген туыстар да жылы жерге кірген соң ұйқы қысып, бір сәт көз шырымын алмаққа жантайған еді. Еңбектеген балам шкафтың бұрыш-бұрышында тырайып өліп жатқан тараканның бір-екеуін аузына салып үлгеріпті. Осы улы тараканның кесірінен баламнан айырылып қала жаздадым. Ұлым қан рагі – лейкоз ауруына шалдықты. Дәрігерлер өте улы зат түскеннен қан құрамы бұзылған деді. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында ем алып тұрамыз. Төрт рет химия алдық. Шашы содан түсіп қалды. Шашын қоя беріңізші, жазылып кетсе екен». 


Көзіне мұң мен жас ұялаған келіншек баласының басынан сипап қойды. Оның басынан өткен жай мен аянышты кейпі жанымды ауыртты.Балаларға абай болыңыздаршы, аналар! 


Құрманай ЕРСІНБЕК.


Шымкент қаласы


www.zamana.kz




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.12.2018, 15:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31