Денсаулық

Тегін берілетін дәрілер арасынан қатерлі ісік тудыратын препараттар анықталды

  • Фото okeydoc.ru

    Фото okeydoc.ru

Тегін берілетін дәрілер тізімінде қауіпті препараттар анықталып, саудадан алынып жатыр.


Еліміздегі дәріханаларда еркін сатылып келген препараттардың адам денсаулығына аса қауіпті екені белгілі болды. Нақтырақ айтсақ, «Қытайдан әкелінетін үш дәрінің түрі қатерлі ісікке шалдықтыруы да мүмкін», дейді жауапты мамандар.


Отандық дәріханаларда «Вазар», «Нортиван», «ВазарН» препараттарын сатуға тыйым салынды. Олардың құрамында валсартанның белсенді қоспасы бар екен. Оны ұзақ уақыт ішсе, ағзада қатерлі ісік тудырады деген болжам жасалған. Ал Министрлік бұл дәрілердің қауіпті екенін енді біліпті.


Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Шымкентте 70 мыңға жуық адам қан қысымының ауытқуы бойынша есепте тұрады. Есепте тұратындардың басым бөлігі сапасыз дәрілерді қабылдаған. Сондықтан мамандар гипертониктерге дәрігердің тексеруінен өтуге кеңес береді. Ал қауіпті деп танылған «Вазар», «Вазар-Н» және «Нортиван» емдеуші таблеткаларын міндетті түрде дәріханаға қайта тапсыру керек.


Қандай жағдай болмасын, дәріні қабылдаған азаматтар дәрігермен кеңесіп шешім қабылдауы тиіс. Десек те, мамандар әзірге аталған дәрілерді қабылдаған пациенттерден шағым түспегенін айтады.


otyrar.kz


 




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.11.2018, 16:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 14:29
    Желге ұшқан миллиард
    5 Қаңтар, 23:05
    Ел емшіге сене ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31