Сарыағаш құлпынайының дәмі тіл үйіреді

Сарыағаш құлпынайының дәмі тіл үйіреді

Табиғатта кездесетін өсімдіктердің кейбіреуі таптырмас ем ретінде қолданылса, кейбіреуі улы болып келеді. Сондықтан табиғаттың заңына бағына отырып, өсімдіктерді өз пайдаңызға жаратқан жөн. Оңтүстік өңірінде әрбір үйдің бақшасында кездесетін құлпынай мен таңқурайдың дәмі ерекше тәтті әрі денсаулыққа пайдалы.
Сарыағаштың тұрғыны Гүлзина Абайбек соңғы 5 жылдан бері құлпынай өсірумен айналысады. Құлпынай ерте пісетін жидек. Әдетте біздің еліміздің басқа облыстарына құлпынай Өзбекстаннан жеткізіледі. Кейінгі жылдары Оңтүстік Қазақстанның Сарыағаш ауданында өсірілетін құлпынайдың көлемі артып келеді. «Жианлған құлпынайдың сақтау мерзімі 5 күн ғана, сондықтан қашық аудандарға жөнелтуде қиындықтар туындай. Сондықтан қазір жақын аудандарға жіберіп отырамыз», дейді Гүлзина. Шаруа әрі кәсіпкер Гүлзина құлпынай тосабын жасап та сатады.

 

Құлпынай – бүлдіргендер тобы, раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Өскен кезде пайда болатын мұртшалары арқылы көлденең жайылады. Оның 5-12 күлтелі гүлдері жапырақтарының үстіңгі бетінде орналасады. Жидегі қызыл түсті, хош иісті болады. Құлпынайдың жабайы түрін тек Еуропадан кездестіре аласыз. Ерте көктемде, жазда, күзде жеміс беретін сұрыптары бар. Құлпынайдың адам ағзасына келтірер пайдасы мол, С дәруменіне өте бай, құрамында минералдар мен микроэлементтер көп кездеседі: темір, магний, калий, кальций, мыс, йод, фосфор, цинк, марганец т.б. Аталмыш дәрумендер, минералдар мен микроэлементтерсіз адам ағзасы дұрыс жұмыс істей алмайтынын ескерген жөн. Адам ағзасына келтірер пайдасынан өзге салада да қолданысқа ие. Мәселен, сән әлемінде парфюмерия жасау барысында пайдаланылса, тағам өндірісінде десерт, шырын, тосап, джем жасауға болады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста