Шартарап

13 адамды жеген жолбарыс өлтірілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Үндістанның Махараштра штатында екі жыл бойы Т-1 атты алты жасар жолбарысты аулай алмай келген. Өткен айда билік адамдарға қауіпті жыртқыш аңды Calvin Klein фирмасының ерлерге арналған иіссуының көмегімен орманнан қызықтырып шығармақшы болған, деп хабарлайды BBC.


Бұл жолбарыс 13 адамның өмірін жалмаған. Белсенділер оның өмірін сақтап қалу үшін науқан жүргізді, алайда Үндістан Жоғарғы соты бұл жағдайға араласқан жоқ.


Үндістан орман шаруашылығы қызметі мәлім еткендей, жұма күні кешкісін жергілікті тұрғындар жолбарысты байқағандарын хабарлағаннан кейін қарулы патруль Борати ауылына барды. Жыртқышты тапқан рейнджерлер ұйықтатын дәрісі бар найза атқан. Бірақ, жолбарыс олардың көлігіне шабуыл жасаған. Сол кезде патрульдердің бірі 10 метр қашықтықтан мылтықпен атып өлтірді.


Тамызда жолбарыс пен оның он айлық екі мәулені Пандхаркавада қаласына жақын жерде үш адамды өлтіріп, жергілікті тұрғындарды үрейлендірген. Жолбарысты аулау үшін округте жүздеген видеокамера орнатылды, ал ауылдарға тұзақ жем ретінде жылқылар мен ешкілер байланды. Тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды.


Билік шаруалар мен шопандарға орман мен жазық жерде қараңғы түскенде жүрмеуге, адамдарға топ-тобымен жүруге кеңес берді.


Билік тіпті жолбарысты құрамында цибетоны бар Calvin Klein компаниясының Obsession for Men иіссуы арқылы ұстауға талпынды.


АҚШ-та цибетонның ягуарларды тартатынын көрсеткен эксперимент жүргізілген. Guardian газеті жазғандай, Үндістан билігі Obsession әтірсуын кем дегенде екі жолбарысты ұстау үшін қолданған.


«2015 жылы Тамилнад штатында адамдарға шабуылдайтын жолбарыс пайда болды. Мен сол кезде оны ұстау үшін Obsession-ға тапсырыс бердім. Сондай-ақ, жолбарыстың нәжісін де пайдаландым, бірақ Obsession тиімді болды», - деді газетке жергілікті ветеринарлық қызметтің басшысы дәрігер Прайяг.


Оның айтуынша, Chanel No 5 иіссуы да жақсы жұмыс істейді.


«Бірақ, ол қымбат, сондықтан мен CK Obsession әтірін қолдандым», - деп түсіндірді дәрігер Прайяг.


Зерттеу көрсеткендей, мерт болған жеті адамның жараларында жолбарыстың сілекейі болған. Қаза тапқан адамдардың көбінің бастары жұлынған.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.11.2018, 09:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30