Шартарап

184 елдің ғалымдары "адамзатқа екінші ескерту" жасады

  • © vedomosti.md

    © vedomosti.md

Әлемнің 184 елінен 15 мыңнан астам ғалым "Адамзатқа ескерту" манифестіне қол қойды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Манифест мәтіні BioScience журналында жарияланды. Осы арқылы ғалымдар адамдардың назарын зиянды экологиялық құбылыстарға бұрғысы келеді. Бұл ғалымдардың екінші манифесті екенін айта кету керек.


Алғаш рет "Әлем ғалымдарының адамзатқа ескертуі" 1992 жылы жарияланып, оның астына 1700 ғалым, соның ішінде нобель сыйлығының иегерлері де қол қойған болатын. Мәтінде адамзат табиғатпен текетірес жолына түсіп кеткені жазылған. Онда озон қабатының жұқаруы, мұхиттардың флорасы мен фаунасының жойылуы, ормандардың құрып бара жатқаны, климаттың өзгеруі сияқты мәселелер аталған.


Алғашқы манифестің 25 жылдығына орай екіншісін жариялау шешімі қабылданды. Бұл жолы оның астына 184 елдің 15 300-ден астам ғалым қол қойған.


Олардың сөзінше, осынша уақытта адамзат бұл мәселелерді шеше алған жоқ, тіпті кейбірі ушығып кеткен.


"Аз уақытта тым кеш болады, бағытты өзгертіп, жойылуға апартын жолдан шығуға берілген уақытымыз өлшеулі. Біз күнделікті өмірде де, мемелекеттік институттар деңгейінде де Жер өзінің тіршілігімен бірге - біздің жалғыз үйіміз екенін түсіну керек", - делінген манифестің соңғы жағында.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 651    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 14.11.2017, 19:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31