Шартарап

21 жастағы бойжеткенді сауатсыз күйеуі неке түнінен соң әбден қорлаған

  • © Видеодан кадр

    © Видеодан кадр

21 жастағы Тәжікстан азаматшасы Мастона Асо тұрмысқа шығып, күйеуінің үйінде екі күн ғана тұрған. Ажырасқанынан бір жыл болған ару Султон Ходжаевтен көрген қорлығынан соң, әлі күнге қалпына келе алмаған деп хабарлайды Радио Озодиге сілтеме жасаған NUR.KZ.


Бойжеткен ата-анасының қалауымен тұрмысқа шыққан. Бақытты жар болуды армандайтын Мастонаны екінші түні күйеуі Султон аяусыз сабаған.


Жас қыздың күйеуі алғашқы неке түні шыққан қыздық белгісін азсынып, оның бір апта бойы болуы керектігін айтқан. Содан кейін Мастонаны "қыздық пердені тіктіріп алдың" деп айыптаған.


Келіншегін өлімші етіп сабаған Султон Мастонаны видео алдында "некеге дейін арым таза болмады" деп мойындатқан.


"Ол маған сол күні бір ер адамның есімін айтып, мойындауымды талап етті. Тіпті өзім танымайтын ер адаммен жыныстық қатынасқа түскенімізді еркімнен тыс мойындадым. Султон мені аяусыз сабады. Басымнан тоқтаусыз ұрғанынан мұрнымнан қан кетті. Мені үйден шашымды тықырлап, жалаңаш қуып шығатынын мәлім етті. Осыдан кейін мен шыдай алмай, өзім жасамаған дүниені мойындадым", - деп өткенін еске алды Мастона.


Медициналық тексеру Мастонаның пәк күйінде тұрмысқа шыққанын растағанымен, оның ауылдастары Султонның сөзіне сенеді екен.


"Мен ажырасқаннан кейін ата-анам туысқандардың тойына бармайды. Менің ата-әжем де елдің сөзінен қорқады. Әкем қышлақтан қалаға көшіп кетті", - дейді 21 жастағы келіншек.


Султон Ходжаевтың анасы да ұлының әрекеттерін жоққа шығарып отыр.


Ал Мастона Асо өзіне қара күйе жағып, ел алдында масқаралаған күйеуінің лайықты жазаға тартылғанын қалайды. 




Көрілген: 1102    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.10.2018, 21:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30