Шартарап

28 жастағы ер адам 4 жастағы баласын ұрып өлтірген (видео)

  • ⒸYoutube

    ⒸYoutube

Көршілес Ресейде әке туған баласын қатігездікпен ұрып өлтірді. Бұрын ата-ана балаларын әлемде болып жатқан жамандық пен қатігез адамдардан қорғау үшін барын салатын. Қазір керісінше балаларды кейбір ата-анадан жырақта ұстау керек. Себебі ата-анасымен өткізген әр уақыт баланың өміріне, денсаулығына қауіп төндіреді. Бауыр еті баласына қол жұмсау, мүгедек ету, ауыр жарақат салу, психологиялық, эмоционалдық тұрғыда қысым көрсету белең алған.


Кейде ата-ана баласын тәрбиелік мәндегі сабақ болсын деген ниетпен қол жұмсап соңы қайғылы оқиғаға ұласып жатады. Иркутскідегі Хадахан ауылында болған жағдай дәл осы сценарий бойынша өрбіген.



Алты баланың әкесі төрт жастағы баласы бұтына жіберіп қойғанын мойындамағаны үшін жұдырық жұмсаған. Бала алған жарақаты салдарынан көп ұзамай көз жұмды. Сот қатігез әкені қатаң режимдегі колонияға 13 жылға тоғытуға шешім шығарды.


«Мен оны ұра бастадым. Белдікпен жанбасынан 10 рет, 4 рет кеудесінен, одан кейін жұдырықпен 7,8 рет, басынан, бетінен шапалақпен ұрдым», - дейді 28 жастағы ер адам.


Қайғылы оқиға 24 наурызда кешке Хадахан ауылында болған. Барлығы баланың анасы мен 5 баласының көз алдында болды. Олар ашуға мінген әке мен баланың арасына араша түсуге тырысқанымен бұл әрекетінен ештеңе шықпаған. Ер адам баласын тәрбиелеуге бөгет жасамауға бұйрық беріп, баланы ұруын тоқтатпаған.


Қатігез әке 4 жастағы баласын жылы су құйылған тегенеге отырғызып, өзі әпкесінің теледидарын жөндеуге кетіп қалған. Қайтып келгенде баласының өлі денесін көреді. Төрт жастағы қозғалмастан сол күйі жан тапсырған.


Психологтар балаға қол көтеру арқылы оны тәрбиелеу қате екенін талай мәрте айтып та, жазып жатыр. Баланы ұру арқылы оны түрлі психологиялық, физикалық ауруға душар ететінін, оның келешекте адамдармен қарым-қатынасына кері әсерін беретінін ғылыми түрде дәлелдесе де, өзінен физикалық тұрғыда әлсіз, жауап беруге қауқары мен күші жетпейтін балаға әлімжеттік жасау тоқтар емес.


Жақында бүкіл Қазақстанды шулатқан осыған ұқсас жағдай болды. Баласын «өлсін» деп ағаштың түбіне тастап кеткен әкенің әрекеті көптің шымбайына тиді. Баласының басын таспен жарып, оған медициналық көмек көрсетудің орнына шімірікпестен жұмыстарымен кете берген.


Баланы мейірім, махаббатқа бөлеу, оған қамқор болып, баланың өмірін, денсаулығын көзінің қарашығындай сақтау әр ата-ананың басты парызы. Нағыз өмірге дайындап, сапалы білім мен тәрбие беріп, аяғынан тік тұрғызып ұясынан ұшыру – ата-ананың тікелей міндеті. Алайда кейбір ата-ана «Өзімнің балам. Не істесем де өзім білемін» дегенге салынып, баланың болашағына балта шауып жатады. Оның балалығына, балалық қателіктеріне, өмірге енді ғана тәй-тәйлап аяқ басқан қадамындағы шалынысуына, тәжірибесіздігін кешіре алмай жатады. Осы ретте сарапшылардың, «махаббатқа бөленіп өскен баладан мейрімді, жақсы адам шығады» дегені ата-аналар жадынан шықпаса екен.


qamshy.kz 




Көрілген: 264    Пікірлер: 0

жұма, 05.10.2018, 12:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 15:11
    Күйеу жігітсіз өткен той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31