Шартарап

5 жасар қыздың өзін көшеге тастамауын өтініп, анасына жалынған сәті жұрттың жүрегін ауртты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Бес жасар кішкентай қыздың өзін көшеге тастамауын өтініп, анасына жалынған видеосы желіде тарап кетті деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Алайда әйел қызының көлік сыртында екенін байқамағанын айтады.


Кішкентай қызын көшеге қалдырып кеткен Бразилияның Куритиба қаласының жергілікті тұрғыны қатыгез деп айыпталуда.


Ал анасына жалынған жас сәбидің видеосы жұрттың жүрегін елжіретті.


Көлік орнынан қозғалғанда, қыздың дауысы күшейе түседі.


Кішкентай қыз жүріп бара жатқан машинаның терезесіне жармасып, тоқтатуға тырысады.


«Кешірші мені, анашым, өтінемін кешірші, мен қатты өкінемін», – деген бес жасар қыздың сөзіне анасы құлақ аспайды.


Ең сорақысы, анасын тыңдата алмаған сәби машинаның астына жата қалады.


Автокөлік кеткен соң, қыз өтіп бара жатқан адамнан көмек сұрайды. Бірақ көп ұзамай есімін айтпаған анасы қайтып оралып, қызды алып кетеді. Әйелдің айтуынша, ол баланың машинада болғанын білмеген.


Қазір бұл оқиғаға байланысты полиция өкілдері тексеру жүргізіп жатыр.


 




Көрілген: 1799    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.02.2018, 10:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31