Шартарап

Cтамбул жермен жексен болуы мүмкін

  • Cтамбул жермен жексен болуы мүмкін

    Cтамбул жермен жексен болуы мүмкін

«Ғалымдар 15 миллион халқы бар Ыстамбұлдың бірнеше секундта жермен-жексен болатынын болжап отыр. Зерттеушілер таяуда Ыстамбұл қаласында жеті балдан жоғары жойқын жер сілкінісі болатынын болжап отыр. Табиғи апаттың жойқын болатыны соншалық, қала бірнеше секундта жермен-жексен болуы мүмкін дейді олар»,— деп хабарлайды longroom.com сайты. Бұл 15 миллион халқы бар қала үшін қорқынышты болжам болып отыр. Неміс зерттеу орталығының ғалымы Марко Бонхофф жойқын жер сілкінісі Ыстамбұлдың шығысында күтіліп отырғанын мәлімдеді. Ол болжамы расталса, жер сілкінісі қаланың орталығына айтарлықтай нұқсан келтірмейтінін алға тартты. Айта кетерлігі, бұл өңірде әр 250 жыл сайын жер сілкінісі болып тұрады. Соңғы рет Ыстамбұлда жеті балдық жер сілкінісі 1894 жылы болған. Ол кезде кемінде 1349 адам қаза тапқан еді. 




Көрілген: 896    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.05.2017, 14:06

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30