Шартарап

Instagram-ның денсаулыққа зиян екені анықталды

  • Instagram-ның денсаулыққа зиян екені анықталды

    Instagram-ның денсаулыққа зиян екені анықталды

Тұтынушылар әлеуметтік желілердің ішінде адамның жүйке-жүйесіне кері әсері жағынан Instagram-ды ең нашар желі деп бағалады. Ұлыбритания ғалымдары арнайы ұйымдастырылған сауалнама нәтижесінен кейін осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды Baq.kz.


Корольдік денсаулық сақтау қоғамының зерттеу жұмысына 14 пен 24 жас аралығында 1479 адам қатысқан. Олар ең танымал бес әлеуметтік желіге өз пайдаланушыларына келтіретін зияны бойынша баға берулері керек болатын.


Қатысушылар YouTube, Instagram, Snapchat, Facebook пен Twitter олардың денсаулығы мен жүйке-жүйесіне қалай әсер ететінін анықтау үшін бірқатар сұраққа жауап берді. Әр платформаға мазасыздық, күйзеліс, жалғыздық, қудалау және дене бітімі сияқты мәселелерге қатысты 14 талап бойынша ұпай қойды.


Сауалнама қорытындысына сәйкес, YouTube, Twitter мен Facebook-тің адам денсаулығы мен психикасына әсері оң. Ал ең төменгі бағаны Instagram мен Snapchat алды.


«Адам денсаулығы мен хал-ахуалына әсері жағынан Instagram мен Snapchat-тың көш соңында қалауы қызық жағдай. Екі платформа да суретке негізделген. Бәлкім, бар мәселе де сонда шығар. Олар өзгенің суреттерін, дене бітімін көріп, өздерін ұсқынсыз санап, іштей күйзеліске ұшырайтын болар», - дейді Корольдік денсаулық сақтау қоғамының басшысы Ширли Крамер.


Ғалымдар әлеуметтік желілер жастардың психикасына зиянды екенін ескертеді, сондай-ақ онлайн-платформалардың негізін қалаушылар аталмыш мәселені назарға алса, бұл проблемадан арылуға болады деп санайды.


Корольдік қоғам, сондай-ақ, әлеуметтік желі жасаушыларын тұтынушысын ресурстың қызметін шектен тыс пайдаланып жатқаны жөнінде ескертіп отыруды ұсынды. Сондай-ақ, желі арқылы жүйкесі жұқа адамдарды анықтауға көмектесуге шақырды.


 


 




Көрілген: 629    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 19.05.2017, 16:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31