Шартарап

WhatsApp мессенджерінде жіберілген хатты қалай өшіруге болады?

  • WhatsApp мессенджерінде жіберілген хатты қалай өшіруге болады?

    WhatsApp мессенджерінде жіберілген хатты қалай өшіруге болады?

Жаңартылған WhatsApp мессенджерінде адресатқа жіберілген және оқылған хаттарды өшіру мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі iguides.ru сайтына сілтеме жасап.


Мұндай функция бірнеше ай бойы сервистің бета-нұсқаларында сынақтан өткізілген. Жаңа функция көмегімен алушыға жіберілген хаттарды өшіріп тастауға болады: хат сіздің мессенджеріңізден ғана емес, хатты алған қолданушының құрылғысынан да жойылады (немесе топтағы барлық қолданушыдан).


Алайда, бір айта кетерлігі, хатты басқа құрылғылардан жіберілгеннен кейін жеті минут ішінде өшіріп үлгеру керек.


«Адресаттың барлық құрылғысынан хатты өшіру үшін оларды диалогтан таңдап, экранның жоғарғы жағындағы себет белгісін басу қажет. Кейін «хатты тек сіздің диалогыңыздан немесе барлық қолданушы үшін өшіру» деп жазылған терезе шығады. Хат жойылған жағдайда, адресаттың телефонында «Бұл хат өшірілді» деген жазба шығады», - деп хабарлайды iguides.ru.




Көрілген: 549    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 27.10.2017, 22:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30